Басқа тканьдерден дәнекер тканінің ерекшелігі – клеткалар арасында үлкен аралықтардың және соған сәйкес клеткааралық заттың көп мөлшерде болуы.
Басқа тканьдерден дәнекер тканінің ерекшелігі – клеткалар арасында үлкен аралықтардың және соған сәйкес клеткааралық заттың көп мөлшерде болуы.
Дәнекер тканінің клеткааралық матриксінің негізгі қызметі – клеткалардың пролиферациясы мен дифференцировкасына және тканьдер каркасын құруға, мүшелердің формасын түзуге және сақтауға қатысу. Қалыпты жағдайда клеткааралық гель түрінде болады және тканьлік құрылымдық биокаллоидтардан тұрады (протеогликандардан, гликопротеиндтерден, бос гликозамингликандардан).