Сүйек тінінің липидтері мен органикалық қышқылдары:
Қышқылдық липидтердің кальцийге және басқа да катиондарға туыстығы жоғары. Липидтер минерализация кезінде кристалдану ядросын түзуде маңызды рөл атқарады және аморфты кальций фосфатының стабилизаторы.
Органикалық қышқылдар:
Сүйек матриксінің ерекшелігі онда цитраттың концентрациясы жоғары болады. Организмдегі цитраттың жалпы мөлшерінің 90%-ы сүйек тінінің үлесіне келеді. Сүйек тінінде цитраттан басқа, сукцинат, фумарат, малат, лактат, нуклейн қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) болатыны анықталған. РНҚ-ның көп мөлшері – сүйек тінінің белок түзуші активтілігінің көрсеткіші.