Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы жетілген дәнекер ұлпасының бір түрі. Организмдегі минералды заттардың алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі заттарының құрамында кальцийдің, магнийдің, фтордың, фосфор қышқылы тұздары кездеседі. Cүйек ұлпасы тығыз ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз ететін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналасуына сәйкес торлы талшықты және пластинкалы құрылысы сүйектер деп ажыратылады.