7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) гендік-инженерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) гендік-инженерлік қызмет мәселелері бойынша уәкілетті органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) гендік-инженерлік қызмет саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді; 4) гендік-инженерлік қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат беру қағидасын бекітеді; 5) субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 6) гендік-инженерлік қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 7) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган: 1) өз құзыреті шегінде гендік-инженерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) өз құзыреті шегінде гендік-инженерлік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді; 3) Үйлестіру орталығының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 4) өз құзыреті шегінде ел аумағында алғаш рет өндіретін және ел аумағына алғаш рет әкелінетін ӨТО-ның қатеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді; 5) ӨТО-ны мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізеді; 6) ӨТО-Ның мемлекеттік тізілімін жүргізеді; 7) ӨТО-ны тіркеу куәлігінің нысанын бекітеді; 8) гендік-инженерлік қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат береді; 9) гендік-инженерлік қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 10) гендік-инженерлік қызмет саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 11) субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді; 12) гендік-инженерлік қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 13) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.