1. Үйлестіру орталығы - гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылған ұйым. 2. Үйлестіру орталығы қатерлерді бағалауды жүзеге асырады, оның сараптамалық қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. 3. Үйлестіру орталығы жүргізетін қатер бағалау оны жүргізудің бастамашысы болып табылатын өтініш беруші есебінен жүргізіледі.
1. Осы Заңда регламенттелетін қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде туындайтын адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін әлеуетті қауіптің дәрежесіне байланысты қатерлердің мынадай деңгейлері белгіленеді: I деңгей - адам денсаулығына қауіп төндірмейтін қызметке сәйкес келеді және патогендік емес микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі қатермен салыстырымды; ІІ деңгей - шартты патогендік микроорганизмдерді пайдалану қатерімен салыстырғанда елеусіз ғана қатері бар қызметке сәйкес келеді; ІІІ деңгей - тиімді емдеу және бақылау құралдары белгілі, инфекцияларды беруге әлеуетті қабілет бар патогендік микроорганизмдерді пайдалану қатерімен салыстырғанда орташа қатері бар қызметке сәйкес келеді; IV деңгей - тиімді емдеу және бақылау құралдары белгісіз, аса қауіпті инфекцияларды және ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін, арамшөпті және паразитті өсімдіктерді таратуға қабілетті патогендік микроорганизмдерді пайдалану қатерімен салыстырғанда жоғары қатері бар қызметке сәйкес келеді. 2. Зертханалық зерттеулердің шеңберінен шығатын көлемдегі микроорганизмдермен тұйықталған жүйелерде жүзеге асырылатын қызмет түрлері қатердің III және IV деңгейлеріне жатады.
17-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар 1. ӨТО/ГТО-ға және олардың өмірлік циклы процестеріне (оның ішінде, жобалауға, өндіруге, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, жоюға және кәдеге жаратуға) қойылатын талаптар техникалық регламенттермен белгіленеді. 2. ӨТО-ның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық құқық нормаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.