Мектепішілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамалары (ауыспалы).
Диогностика ұғымы
Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми – практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика – оқу үрдісінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі, танымдық үрдісте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі.
Мектеп жоспары мазмұнының негізгі
бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар
құрастырады. Бұл шараларды бірнеше
тарауларға бөледі. Тараулардың бірі
ұжымның міндетті жалпы орта білімді
жүзеге асыру бойынша
Іс- әрекетіне арналған. Онда мектеп
маңайында тұратын мектеп жасына жеткен
балаларды толық тіркеу шаралары
қолданады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте
өз – өзіне қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде
оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша
жұмыстар қарастырылады. Жоспарларда мектептегі
еңбек мейрамдары мен басқада шаралар да қарастырылады,
техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы
ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының
басқа да жеке қасиеттері
қалыптастыру бойынша шаралар көретіледі.
Оқушларға
эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады:
тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ
құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау
бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу