Аристотель: «Әдеміліктің негізгі белгілері – кеңістіктегі тәртіп, ұйқастық және анықтылық» (Аристотель «Метафизика») Өнер, Аристотельдің пікірінше, дүниені «мимесис», яғни еліктеу арқылы бейнелейді Аристотель өнердің өнеге-тәрбиелік маңызын «катарсистен» (адам жанын күйзеліске түсу арқылы тазартудан) көрген. Аристотель (б.д.д. 384-322жж. )
Христиандық ортағасырлық өнер
Батыс еуропалық ортағасырлық көркем сананың ерекшелігі – азапкер адамның кейіпі. Өнер сюжеттері қарапайым адамның, қайыршының, елкезбенің азап шегуімен байланысты. Ортағасырлық өнер Құдайдан берілген нұрлану ретінде түсіндірілген, діни сипатта болған. Сәулет өнерінде екі негізгі стиль қалыптасты: романдық ((X-XII ғғ.) және готикалық (XII-XVI ғғ. Романдық стильдің ерекшелігі —оның аласа, тапал, салмақты сипатында. Үйлердің негізгі типтері серілердің қамалы, монастыр жүйесі, шіркеу болған. Готика стилі құдайға табынушылықты білдіріп, жоғарғы құдіретті күшке, мәңгілікке бағытталған. Сондықтан готика стиліндегі негізгі ғимарат - көпшілік жиналатын шіркеу, яғни «собор» - болған. Собор – қаланың қоғамдық өмірінің орталығы болатын. Ол Христос патшаның жоғарғы билігінің көрінісі ретінде танылған. Шартрдағы собор (XII-XIV ғғ.), Романдық стиль Қасиетті азапкер әулие Меркурий (III ғ)
Аврелий Августиннің әдемілік туралы тұжырымдамасы
Августин Құдайды абсолютті әдемілік ретінде түсінеді. Құдай дүниені сұлулық пен парасат-тылық тәртіп заңдары бойынша жаратқан. «Әсемдік және соған сәйкестік» атты еңбегінде Августин адам жанының әсемдігі ізгілікте көрініс береді және игілікпен ажыратылмас байланысты дейді. Августин, Аристотельдің іліміне негізделіп, әсемдіктің негізгі белгілерін - форма, тәртіп, ұйқастық пен бірліктен - көреді.