Джон Дьюи: «өнердің туындысы – әлеуметтік теңсіздік жағдайда адамдар араласуының жалғыз тәсілі» Өнердің алғашқы шығармаларын жасау ру-тайпаны анық әлеуметтік мақсатқа жетуді көздеген: араласу, қауымды біріктіру, дүние туралы білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Өнердің тарихи типтері
Қоғамның тарихи дамуына сәйкес өнердің тарихи типтері қалыптасқан:
алғашқы қауымдық қоғамның өнері
Ежелгі Шығыс және антикалық өнер
ортағасырлық өнер
Қайта Өрлеу дәуірінің өнері
Жаңа заман өнері
XIX ғ. екінші жартысындағы өнер
қазіргі заман (XX-XXI ғғ.) өнері
Өнердің нақты-тарихи сипаты
Ипполит Тэн: «…қайсы-бір көркем шығарманы, сүретші-ні немесе сүретшілер мектебін түсіну үшін, сол замандағы ақыл-ойдың және өнегелі-ліктің даму деңгейін дәлме-дәл көз алдымызға елесте-туіміз керек» Ипполит Адольф Тэн (1828-1893) ,француз философы, өнертануда мәдени-тарихи мектеп- тің негізін қалаушы «Өнер философиясы » (1869)
Өнердің тұлғалық сипаты
Өнерді тұлға жасайды және өнердің үндеуі тұлғаға бағытталады. Өнер адамның барлық сезімдерін, уайымдарын жеткізеді, адамның мінез-құлқысының, қылықта-рының себептерін ашып береді. Суретші құбылыстардың, оқиғалардың ішкі мән-мағынасын индивидуалды бітім, кейіп түрінде көрсетеді. Өнер философиясының мәселелері адамның психикасы мен психология мәселелерімен тығыз байланысты
Көркем шығармашылықтың субъектісі
Бұл - жасаушы, суретші; егер өзінің жасампаз қасиеттері ең жоғарғы деңгейде көрініс берсе, ол - гений. Ол суреттерде, фрескаларда, мүсіндерде, музыкада, әдебиетте әсемдікке ұмтылысты білдіреді Оның дарындылығы, таланты – оның көркем әрекетінің алғышарты. Оның шығармашылы-ғының стимулы - қиялында қалыптасқан бейнелерді сезімдермен қабылданатын түрде бейнелеп жеткі-зуге рухани қажеттілік