Презентация№11 Өнер философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш. Қарағанды


Иоанн Дамаскиннің өнер философиясы



бет6/13
Дата01.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#54110
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Августин Аврелий
(354-430 жж.)

Иоанн Дамаскиннің өнер философиясы


Иоанн Дамаскин
(Мансур ибн Серджун ат-Таглиби)
675-753 гг
Иоанн Дамаскин – Қасиетті бейне туралы теорияның негізін қалаушы, икона салу өнерінің ережелерін ресми түрде бекіткен:
- Әулие адамның суретін салуға болады, бірақ символдық және аллегориялық түрде.
- Әулиенің өмірінде шын болған (Қасиетті кітапта баяндалған) оқиғаларды бейнелеуге болады және керек.
- Христосты жер бетінде, адамдар арасында жүрген түрінде суретке салуға болады, бірақ Құдай-Әкені бейнелеуге болмайды.
- Әулиелердің бейнелері адамдарға керек – олар шіркеуді әсемдейді, сауатсыздарға кітаптың орнын толтырады, Құдайға сенім үшін көрсетілген ерлікті еске салып тұрады. Біз иконаны көргенде суреткердің шеберлігіне емес, суреттелген қасиетті «алғашқы кейіпке» құрмет көрсетеміз
- Иконалар ғажайып іс жасайды, өйткені оларда суреттелген әулиенің құдіретті күшінің бір бөлігі бізге өз әсерін тигізеді

Мұсылман әлеміндегі өнер


VII ғ. пайда болған ислам сурет пен мүсін өнерінде адамдар мен Аллаh кейіпін бейнелеуге тыйым салды Оның екі негізгі себебі:
  • табынушылықты тудыратын пұттарды (идолдарды) жасауға жол бермеу;
  • «Жаратушыға ұқсатуды» айыптау.

  • Бұл тыйым салу Мухаммед-пайғамбардың хадистерінде айтылған:
    «Әрине, адамның және Құдайдың суретін салғандар, Құдай Соты күні азап шегеді. Оларға айтылады: «Өздерің жасағандарыңды, тірілтіңдер»
    «Құдай Соты күні бітім жасау қабілеті жағынан өздерін Құдайға ұқсататындар ең ауыр азап шегеді»
    Бұл тыйым салу нәтижесінде сәулет өнері, каллиграфия, мозаика, миниатюра, өрнектер салынған керамика, көркем шыны, кілем тоқу өнері гүлденіп шықты 

әл-Фарабидің өнер философиясы


Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден, табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен «үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды, әсіресе, «Музыка туралы үлкен кітап-та» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі. Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы қабылдауда сезімнің және эмоциялық қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде қарастырылады. Әуеннің үйлесімділігі дыбыстардың үндестігіне байланысты. Осыған қарап, жетілген және жетілмеген әуендерді ажыратады. Абу Насыр әл-Фараби өзі «кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап шығарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет