|
Жоғары буын оқушылары (8-9 сыныптар)
|
бет | 16/23 | Дата | 05.03.2023 | өлшемі | 0,65 Mb. | | #71782 | түрі | Презентация |
| Байланысты: Шетел тілінде білім беру әдістемесі (1) 2Жоғары буын оқушылары (8-9 сыныптар): - Жоғары буын оқушылары (8-9 сыныптар):
- Шетелдік досына толық деңгейде хат жазу
- Газетке немесе журналға хат жазу
- Тыңдалған немесе оқылған мәтін бойынша конспект жасай білу, мазмұндама, шығарма жазу
- Бейіндік оқыту деңгейі (10-11 сыныптар):
- Жеке және ресми хат жазу
- Шығарма немесе эссе жазу
- Сын-пікір жазу
- Аннотация жазу
- Рефераттар дайындау
- Жобалық немесе курстық жұмыстарды дайындау
Қорытынды: тыңдап-түсіну, сөйлеу - Тыңдап-түсіну мен сөйлеу білігінің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етеді.
- Тыңдап-түсіну мен сөйлеу білігі ауыз екі тілді дамытудың негізі болып саналады.
- Тыңдататын аудиомәтін мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.
- Тыңдап-түсінудің негізгі мақсаты қатысымның әр түрлі жағдаяттарында әріптесті түсіне білу.
- Тыңдап-түсіну білігіне үйретуде дайындық және сөз жаттығуларын кеңінен қолдану керек.
- Тыңдап-түсіну білігін әр-түрлі деңгейде бақылауға болады.
- Монолог және диалог сөздеріне үйретудің алдын ала дайындалған және алдын ала дайындалмаған кезеңдері болады.
- Сөйлеу білігін дамытуда рөлдік, іскерлік ойындардың және симуляцияның рөлі зор.
Қорытынды: Оқу білігі және жазу - Оқу білігін қалыптастыруда оқу техникасын үйрету қажет
- Оқу стратегиясы таныса оқу, зерделей оқу, шолып оқу, іздене оқуға бөлінеді.
- Оқуға арналған мәтіндер көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік, ғылыми және газеттік публицистикалық стильдерді қамтиды.
- Жазба тілге оқытудың мақсаты оқыту кезеңдерімен тығыз байланысты.
- Жазба өнімдерін бағалағанда оның мазмұндық сапасын, тілдік сапасын, оқушының дербес жұмыс істей қабілетін ескеру керек
Бақылау сұрақтары: - Тыңдап-түсіну мен сөйлеу білігіне қысқаша психологиялық сипаттама беріңіз
- Тыңдап-түсіну және сөйлеу білігінің табысты болуына әсер ететін факторларды атап көрсетіңіз
- Ауыз екі тіл біліктерінің мақсаты оқу кезеңдерімен тығыз байланысты екенін мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- Оқу білігінің стратегияларын сипаттап беріңіз.
- Жазба тіл білігін оқытуда негізгі жаттығулар кешенін келтіріңіз.
- Жазба тілдің шығармашылық түрлерінен мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|