Приглушенная Белая Черная и Бежевая Минималистичная Элегантная Собрание Компании Презентация



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі5,88 Mb.
#68485
1   2   3
Психологияның міндеті
Жалғасы
Бұл заңдылықтар адам миындағы обьективтік дүниенің бейнелеуін, осыған байланысты оның
қылықтары қалай реттелетінін, психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның
психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді. Психика обьективтік
шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу,
алдымен, психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің обьективті
жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық
зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.
Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар
үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмперикалық мәліметтермен толығуда. Психология
зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі-сезім мүшелеріне әсер
ететін обьектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік
күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.


Психологияның
зерттеу әдістері
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке
тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың
негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи
жағдайда жүргізіледі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын
психикалық үрдістердің байқалуын бейжай
күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне
қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып,
экспериментатор оларды тұрақты қамти алады.
Эксперимент әдісі
Бақылау әдісі


 бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау
нысаны болып отырған адам бақылау
жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер
сезген жағдайда шынайылық жоғалады.
Психологиялық зерттеулердің табиғилығын
сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап.
Бақылау әдісіне қойылатын екінші талап –
бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни
зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын
қойылуы керек. 
Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның
нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық
құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.)
жазбалардың түрлері (стенограммалар,
хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет