Приглушенная Белая Черная и Бежевая Минималистичная Элегантная Собрание Компании Презентация



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.03.2023
өлшемі235,38 Kb.
#73505
  1   2   3


ҚР-ның ерекше қорғалған
территориялары.Әскери сынақ
полигондары, Арал мәселелері 
Орындаған: Орынбек Мерей


Қазақстанда ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар
туралы заң 1997 және 2006
жылдары қабылданды. Мұндай
Республикалық маңызы бар
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар ұйымдастырылу
мақсаттарына және табиғат
корғау ережелеріне сәйкес
бірнеше топқа бөлінеді.


А
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи
қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және
т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі
мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған.
Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі
құрлықтың 1,6%-на тең.


Биосфералық қорықтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде
ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық
қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние
жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын
қорғау және сақтап қалу мақсатында
ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары
халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар
табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде
ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын
өзгерістерге бақылау жасалынып талданады.
Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше
белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық)
бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір
дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық
ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және
Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі
берілген.
қорғалжын қорығы


Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың
негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар
ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық
аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары
жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары
ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары
білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу
жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10
мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы
барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде
қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір
экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы
ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады.
Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б.
экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет