Орындаған:Қанытбек Ұлбосын
Бактериялардың дақылдық
қасиеттері
А
А
Жоспары
Бактериялардың дақылдық
қасиеттері
Бактерияларды
дақылдандырудың шарттары
Дақылдандыру атмосферасы
А
А
А
Бактериялардың дақылдық қасиеті оларды идентификациялаған кезде
ескеріледі. Ргосaryotae патшалығына жататын бактериялар бинарлық
көбеюден баска да көбею тәсілдеріне ие.Актиномицеттер гифтарын
фрагменттеу арқылы көбейеді. Streptomycetaceae туыстастығына
жататын бактериялар спораланып көбейеді.
Микоплазмалар көбею ерекшеліктеріне байланысты полиморфты
болып келеді. Егер көбею ДНҚ синтезімен бірлесіп жүретін болса,
көлденең бөлінуден басқа олар бүршіктеніп көбейе алады. Бұл
жағдайда негізгі морфологиялық репродукцияланатын бірлік, домалақ
немесе сопақша пішінді болып келген, фрагментация немесе
бүршіктену арқылы көбейетін элементарлық денешіктер болып
табылады.
А
Бактерияларды дақылдандыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. 1.
Құнды қоректік ортаның болуы. Кез-келген қоректік орта құрамының
күрделілігі мен пайдалану мақсатына қарамастан негізі судан, энергия мен
көмірсутегінің органикалық көзінен, тұрақты pH пен осмостық қысымға ие
болуы кажет.
2. Дақылдандыру температурасы. Көбею жылдамдығына температура әсерін
тигізеді. Температураға бактериялар әрқалай жауап береді:
мезофилдер 20-40С температуралық аралықта көбейеді. Адамдарда ауру
тудыратын бактериялардың көпшілігі мезофилдерге жатады;
термофилдер 40-60С температуралық диапазонда өседі. Термофилдерге
актиномицеттер, кейбір споратүзуші бактериялар жатады; психрофилдер 0-
20С температуралық аралықта көбейеді.
А
Дақылдандыру атмосферасы.
Қатаң аэробтар өсіп көбею
үшін оттегі қажет. Аэробтар
сұйық ортаның жұқа беткі
қабатында жақсы өседі. Қатаң
аэробтардың сұйық ортаның
терең деңгейлерінде өсуін
қамтамасыз ету үшін оттегі
бүкіл коректік ортаға диффузды
түрде таралуы қажет. Бұған
қоректік ортаны үздіксіз
араластырып немесе сілкіп
отыру арқылы қол жеткізіледі,
атап айтқанда аэрациялау.
Аэрациялау арнайы
аппаратттармен сілкілегішпен
іске - асырылады.
А
А
Факультативті анаэробтарды дақылдандыру үшін жоғарыда
аталып кеткен әдістерді қолданады, себебі оттегі бар жерде
оларға энергетикалық қамтамасыз етуде оксидативті
метаболизм ферментациядан тиімді болады.
Микроаэрофилдер оттегінің парциалдық қысымы төмен
жағдайда көбейеді. Бұған ауадағы СО2-нің парциалдық
қысымы 0,03%-ға қарағанда дақылдандыру атмосферасындағы
CO2 парциалдық қысымын 1-5% концентрациясына көтеру
арқылы қол жеткізіледі. Бұл үшін арнайы СО2- инкубаторлар
қолданылады, немесе себінділерді жанып тұрған шырағдан
қойылған эксикаторларға орналастырады.
А
А
Облигатты анаэробтар өсу және
көбею үшін ауадағы оттегінің
ортаға түспеуін талап етеді.
Бұған келесі шаралар арқылы
қол жеткізіледі:
- қоректік орталарға оттегіні
редуциялайтын заттар қосу
арқылы: тиогликоль қышқылын,
аскорбин қышқылын, цистеин,
сульфидтер;
сұйық қоректік орталарды
қайната отырып оттегіден
регенерациялап, содан-соң орта
құйылған ыдысты резинка
тығынмен тығындап қою
арқылы;
сілтілі пирогаллол және тағы да басқа оттегіні сіңірушілерді
пайдаланып, герметикалық жабылатын ыдыстарға
«газпактарды» салып қою арқылы. Бұл әдіс аэротолерантты
бактерияларды дақылдандыруда қолданылады.
- ауадағы оттегіні механикалық жолмен ығыстырып, орнына
ыдысты инертті газбен толтыру арқылы (бұл мақсатта
анаэростаттар мен анаэробты бокстар қолданылады).
Хемо және автотрофты бактерияларды дақылдандыру үшін
СО2-мен қанықтырылған атмосфера жасалынады.
А
Достарыңызбен бөлісу: |