Припо 1курс Сандибекова Аймекен



Дата31.01.2023
өлшемі13,06 Kb.
#63981
Байланысты:
ПРИПО 1 курс Сандибекова Аймекен 2


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
ПРиПО 1курс Сандибекова Аймекен
Тараз қаласында 1998 жылы 24 наурызда Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты негізінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті құрылды.
Мұхаммед Хайдар Дулати — Орталық Азияның ХVІ ғасырдағы атакты тарихшысы, әдебиет майталманы және мемлекет кайраткері болды. Ол әйгілі «Тарих-и Рашиди» енбегінің авторы ретінде тарих беттерінен нақ орын алған.Оның ата-бабалары ХІV-ХVІ ғасырларда Моғолстанда билік құрған беделді Дулат әмірлері болған. Шағатай хандары тарапынан тарту етілген артықшылықпен «тархан» атауына ие болған.Қашғар уәлаятының әмірлігі олардың мұралық билігіне берілген-ді.
Әкесінен жастайынан айырылған Дулати Кабулға 1509-1512 жылдар аралығында келіп, Бабыр сарайында тұрақтайды. Мырза Хайдардан 17 жастай үлкен Бабыр патша оған әкесіндей қамқорлық көрсетеді, тәрбиелейді, өнер-білім үйретеді. Бабырдың көрсеткен қамқорлығы хақында Мұхаммед Хайдар Дулати өз шығармасында шүкіршілік етіп, алғысын айтып, бірнеше рет еске алып отырады.
М.Х.Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. М.Х.Дулати мұралары зерттеліп, Үнді еліндегі баба басына тағзым жасалды. М.Х.Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. Жат жерде қалған баба қабірінің басынан топырақ әкелініп, университет алдындағы Дулати ескерткіші түбіне қойылды.
Университет мұражайы ашылып ол бүгінгі заман талабына сай жабдықталды. 1500 данаға жуық экспонаттар қойылды. Мұражай университет қонақтарының көз тоқтата қарайтын рухани орталығына айналды. Осының барлығы университет студенттерінің рухани дүниетанымына ерекше әсер етті. Оқу, ғылым үдерісінде де жаңа жетістіктерге қол жеткізілді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет