1 наурыз күні біз, жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беруі. Қазақстан халқы Ассамблеясы «1 - наурыз – Алғыс айту күні» ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында арнайы бір күнді бекітіп, жоғары деңгейде мерекелеуді үрдіске айналдырған елдердің бірі.
«Адам баласы адам баласынана ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озады», - деп Абай атамыздың жыр шумағы еріксіз есіңе түскендей, ең алдымен «жақсы адамдар» десе ой елегіме бірінші анам, бауырларым, туысқандарым және білім беріп үлкен өмір жолына өзіміздің орнымызды табуға өз үлестерін қосып жатқан ардақты ұзтаздарыма, балалықтың бал шырынын бірге татып өсіп келе жатқан достарым, сыныптастарым түседі. Анамның орны ерекше, шексіз жақсы көремін, өйткені маған жаны ашитын жандардың бірі, барлық қажеттілігімді тауып беріп, ешкімге қол жайып мұқтаж қылмай « қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» әлпештеп тәрбиелеген, ешкімнен кем қылмай қатарымның алды қылып өсірген әрине бұл менің анам! Анаға - өмір сыйлағаны үшін, асқар таудай әкеме біз еш нәрседен тарықпасын деп күні –түні еңбек еткені үшін алғысым шексіз. Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан әліде тырсысуда. Бұл біздің қазақы тәрбиеміздің көрінісі. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, қолтықтап үйге енгізеді. Төменгі сыныптан бастап біздің бойымызға үлкенге ізет көрсету, алғысын алуды сіңіреді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді.
Ойымды жинақтап аяқтай келе айтарым- алғысымызды білдіру адамдар арасындағы сенімді, сыйластықты арттыратын құрал. Сондықтан да айналамызға алғыспен қарау , босағамызға келетін көптеген қарғыстан құтылудың жолы екенін естен шығармағанымыз дұрыс.