Түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі.
Түр аралық бәсекелестік – қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің бірі.
4 Популяцияға анықтама беріңіз.
1 3 5 Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз.
Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз.
Популяцияның негізгі қасиеттері
Биотикалық факторлардың түрлері.
2 1 3 4 5
Популяцияға анықтама беріңіз.
Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.
Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен енгізді.
Популяцияны зерттейтін биологияның жаңа саласы популяциялық биология.
Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.
Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз.
Жыныстық құрылым - популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық арасалмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады.Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады.Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады. Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.
Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз.
Популяцияның тіршілік ететін кеңістігі оның тіршілігіне қажетті жағдайды береді. Популяцияны құрайтын особьтардың қолайлы және қолайсыз орта жағдайына реакцияларында және бәсекелестік қатынаста көрінетін кеңістіктік орналасуының әртүрлі типі болады. Особьтар мен олардың топтарының кеңістікте кездейсоқ, бірдей немесе біркелкі және топтық таралу түрлері болады.