Біркелкі таралу- бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты. Таралудың мұндай түрі Ла-Манша жағалауындағы құмды жағажайда тіршілік ететін пластинка желбезекті былқылдақденелілер мен жыртқыш балықтарға тән.
Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі. Ұндағы үн қоңыздарының таралуы — бұл кездейсоқтық таралудың мысалы.
Топтық таралу- кеңістіктік таралудың ең кең таралған түрі. Бұл ерекшелік ормандағы ағаштардың таралуынан жақсы байқалады.
Популяцияның негізгі қасиеттері (туылу, өлу, өсу жылдамдығы)
Популяциялар саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею (өнімділік) мен өнімнін интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі жүреді де өлім оның санының кемуіне әкелед
Популяцияның тыгыздыгы популяция алып жатқан аудан немесе бірлігіне шаққандағы даралар санымен (немесе биомассамен) анықталады. Мысалы, ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.
Популяцияның негізгі қасиеттері (туылу, өлу, өсу жылдамдығы)
Туылу - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады. Бір бақ-бақ өсімдігінің барлық тұқымдары өнетін болса, 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние жүзін алып кетер еді. Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.
Өлім - белгілі бір кезенде өлген даралардың саны. Өлімнің үш типін бөліп көрсетуге болады
Популяцияның саны негізінен бір-бірене қарама-қарсы құбылыспен анық жене өлім.
Биотикалық факторлардың түрлері.
Биотикалық фактор— ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағнаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б.
Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жекепопуляциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады.