Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.
Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
Дамыту, тәрбие беру қызметініңнәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді.
Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
Қорытынды
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.
Қолданылған әдебиеттер: 1.Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова «Педагогика» Астана 2007ж.
2. С.Б.Бабаев., Ж.К.Оңалбек. «Жалпы педагогика» Алматы, 2011
Тақырып аты
Тақырыпты 2 сөзбен сипаттау (белгі немесе сын есім)
Осы тақырыптағы іс-әрекетті 3 сөзбен сипаттау
4 сөзден тақырыпқа байланысты фраза құрау
Синоним тақырыпты ашатын
Рефлексия
Синквейн 5 жолдық өлең әдісін орындайық: