Пәннің оқыту нәтижесі (ПОН) мен БББ оқыту нәтижесінің (БОН) сәйкестік матрицасы
Пән атауы
БОН
1
БОН
2
БОН
3
БОН
4
БОН
5
БОН
6
БОН
7
БОН
8
БОН
9
БОН
10
БОН
11
БОН
12
ПОН1–Білімі Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздері.
АВ1-оқылатын саланы терең кәсіби білімі мен түсінігіне ие.
+
ПОН2–Түсінуі Бастауыш сыныпта математиканы оқыту курсының мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары мен қағидалары.
АВ2-эмоционалды және әлеуметтік интеллектке ие.
+
ПОН3–Қолдануы Есептер және математикалық модель; есептерді моделдеу; есептерді талдау және шығару; есептердің алгебралық және арифметикалық тәсілдері; математикалық тіл; бөлшектерді салыстыру;бөлшектермен амалдар; латын алфавитінің әріптерімен белгілеу және оқу; пайызды % символымен белгілеуді қолдану, бұрыштың градустық өлшемін 0 символымен белгілеуді қолдану; қозғалыс графиктері, сызбалары.
АВ3-жаһандық сын-қатерлерге бейімделген.
+
ПОН4–Талдау Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту бойынша теориялық және әдістемелік оқу құралдарын талдайды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеушілік және педагогикалық, кәсіби бағдарлы өздігінен білім алу іс-әрекеті, педагогикалық біліктілікті үздіксіз арттыру үшін ынталандыру мен ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өз іс-әрекетін талдайды.
АВ4-көшбасшылық қасиеттерге ие.
+
ПОН5–Жинақтау Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі бойынша тиімді әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктерін жинақтайды.
АВ5 - кәсіпкерлік дағдылары бар, проблемаларды анықтай және шеше алады.
+
ПОН 6 – Бағалау Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысында білім алушылардың білім, білік, дағдыларын және өз білімінің шарықтау деңгейін бағалайды.
АВ6-инновациялық ойлауды көрсетеді.
+
ПӘНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК САЯСАТ
Оқуға қойылатын талаптар
Тапсырманы мерзімінен кешіктіріп тапсыру саясаты
Транспаренттілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидалар
Түп нұсқалық және антиплагиат қағидалары
- ғылымның жаңа жетістіктерін, озық педагогикалық тәжірибені пайдалану, оқу-тәрбие процесінің заңдылықтары негізінде сабақ құру;
- барлық дидактикалық принциптер мен ережелердің оңтайлы қатынасы;
- білім алушылардың пәнге қызығушылықтары, бейімділігі мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың танымдық белсенділігі үшін тиісті жағдайлардың қамтамасыз етілуі;
- пәнаралық байланыстарды орнату;
- бұрын зерттелген біліммен, дағдылармен байланыс, білім алушылардың қол жеткізген даму деңгейіне сүйену;
- тұлғаның барлық салаларын дамытуды ынталандыру және жандандыру;
- оқу-тәрбие қызметінің барлық кезеңдерінің қисындылығы мен эмоционалдылығы;
- педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;
- білім алушылардың өмірімен, өндірістік қызметімен, жеке тәжірибесімен байланыс;
- іс жүзінде қажетті білімді, дағдыларды, ойлау мен іс-әрекеттің ұтымды тәсілдерін қалыптастыру;
- оқу қабілетін қалыптастыру, білімді үнемі толықтыру қажеттілігі;
- әр сабақты мұқият диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлау.
- әр сабақтың білім беру міндеттерін есепке алу;
- сабақтың мазмұнын ұтымды ету, әлеуметтік және жеке қажеттіліктерді ескере отырып, мазмұнды оңтайландыру;
- танымдық қызметті дамытудың жаңа технологияларын енгізу;
- формалар мен әдістердің үйлесімін ескеру;
- сабақ құрылымын қалыптастыруға шығармашылық көзқарас;
- ұжымдық іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын оқушылардың өзіндік іс-әрекетімен үйлестіру;
- жедел кері байланысты, тиімді бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
- ғылыми есептеу және сабақ өткізу шеберлігін арттыру.
Мерзімінен кешіктіріп тапсырылған жұмыстар қабылданбайды және бағаланбайды.
Тиісті пәнді меңгеру кезінде барлығы университеттің Әдеп кодексін сақтай отырып транспаренттілік және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес саласындағы саясатын ұстануға міндетті.
Тиісті пәнді меңгеру барысында студенттер университеттің Әдеп кодексін сақтай отырып, орындалатын жұмыстың түпнұсқалығын және плагиатқа қарсы күрес саласындағы саясатын ұстануға міндетті.
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының
бағдарлама көшбасшысы: _______________ Кариев А.Д.
Құрастырушы:
П.ғ.м., аға оқытушы _______________ Данабаева М.А.