Кез келген замандас компьютер ең алдымен микропроцессормен және микросхемалардың терімімен және жүйелік платамен сипатталады. Бүгінгі кезде дербес компьютерге арналған замандас микропроцессорларды Intel және AMD компаниялары шығарады. Intel компаниясының замандас процессорлары : Intel Pentium 4 және Intel Celeron , ал AMD компания процессоры: Athlon XP. Әр қашанда микропроцессордің негізгі мінездемелерінің бірі ырғақты жиелік болып, ол мегагерцпен немесе гегегерцпен өлшенеді. Сонымен қатар микропроцессор параметрлерінің бір-бірінен артықшылықтары: микроархитектура сияқты процессор ядроларында , кэш жады мөлшерінде , өндіріс технологиялық процессінде , жүйелік шина санында, блок питания, жылу шығару , температура , процессор түйіндерінде болады . Сонымен қатар микропроцессор мінездемелері транзисторлардың мөлшерлері және олардың өндіріс технологиялық процесіне тура тәуелді болады.. Барлық замандас процессорлар 0,13- микрондыққа және 90- нанометрлік технология шығарылды . Сонымен қатар процессорлар бір-бірінен айырмашылығы түйінінде болды. Мысалы , Intel Pentium 4 Willamette немесе Northwood түйінімен ұқсас және Athlon XP процессорлары Thoroughbred немесе Barton түйінінде негізі салынған бола алады .
Мәтіндік процессор. Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word
processor) — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Баспа машинкасында орындалатын мүмкіндіктерден басқа мұнда қате тексеру; тезаурус (синоним сөздер) табу; сөз тіркесін іздеп тауып, оны басқаға өзгерту; «қиып алып желімдеу»; бірнеше терезедегі мәтіндермен катар жұмыс істеу тәрізді көптеген қосымша әрекеттер орындалады.
Intel фирмасының 80x86 процессорлар тобы (Семейство 80x86 процессоров фирмы; Intel Intel 80x86) - Intel фирмасының (Cyrix, Texas Instruments тәрізді фирмалардың да) жасаған процессорлар тобы, олар: 8088-мәләметтері 8 бит шиналы, ал адресі 20- бит шиналы (адрес кеңістігі 1 Мбайт), жұмыс жиілігі 4,77 МГц-ӀВМ PC/XT компьютерлерінде пайдаланылды; 8086— 8088 процессоры тәрізді тек мәліметтері 16-бит шиналы - PS/2компьютеріне қойылды, жұмыс жиілігі — 8—10 МГц; 80286 (286) — мәліметтері 16-бит шиналы, ал адресі 24-бит шиналы (адрес кеңістігі 16 Мбайт), IBM PC/AT компьютерлерінде пайдаланылды, оның екі режімі болды, біріншісі — нақты режім, онда 8086 процессоры тәрізді жұмыс істеді, ал екіншісі — қорғалған режім, онда кеңейтілген жұмыс мүмкіндіктері болды; 80386DX (386DX) - мәліметтері 32-бит шиналы, ал адресі де 32-бит шиналы (адрес кеңістігі 4 Гбайт), PS/2 компьютерлерінің жоғары модельдерінде пайдаланылды, жұмыс жиілігі — 20—40 МГц; 80386SX (386SX) - 386DX процессорының қысқартылған түрі, мәліметтері 16-бит шиналы, ал адресі 24-бит шиналы, ішкі құрылымы 386DX тәрізді ұйымдастырылды; 80486DX (486DX) - бұл процессор бір кристалда біріктірілген 386DX және оның 387 математикалық сопроцессоры болатын, жұмыс жиілігі - 20— 50 МГц. Осы процессор негізінде 486SX — бір процессорлы, 486SL — энергияны аз пайдаланатын түрі және т.б. жасалады; Pentium — мәліметтері 64-бит шиналы, ал адресі 32-бит шиналы процессордың жаңа түрі, жұмыс жиілігі - 60- 200 МГц, (қ. Pentium Pro);