Абсорбция — газды сұйықпен сіңіру, яғни газ фащасынан сұйық фазаға заттың өтуімен сипатталатын бөлу үрдісі. Газдың сұйықтан қайта бөліну үрдісі десорбция деп аталады
Абсорбция — газды сұйықпен сіңіру, яғни газ фащасынан сұйық фазаға заттың өтуімен сипатталатын бөлу үрдісі. Газдың сұйықтан қайта бөліну үрдісі десорбция деп аталады.
Абсорбция — газды сұйықпен сіңіру, яғни газ фащасынан сұйық фазаға заттың өтуімен сипатталатын бөлу үрдісі. Газдың сұйықтан қайта бөліну үрдісі десорбция деп аталады.
Экстракция (сұйық-сұйық жүйеде) – сұйықта еріген затты бірінші сұйықпен араласпайтын немесе бөліктеп араласатын басқа сұйықпен бөлу. Бұл жағдайда бастапқы ерітіндінің бөлінетін компоненті бір сұйық фазадан екіншісіне өтеді.
Айдау — сұйық және бөлінетін сұйық қоспадан буландыру арқылы алынатын бу арасындағы компоненттердің өзара алмасу жолымен гомогенді сұйық жүйелерді бөлу.
Адсорбция — газдың, будың немесе ерітіндінің компонентін қатты кеуекті сорғышпен сіңіру, яғни бөлу үрдісі заттың газды немесе сұйық фазадан қатты фазаға өтуімен сипатталады. Кері үрдіс – десорбция адсорбциядан кейін жүргізіледі және сіңіргіштен сіңірілген затты регенерациялау үшін жиі қолданылады.
Адсорбцияның бір түрі ион аламасу – кейбір қатты заттардың (иониттердің) өздерінің қозғалғыш ионын ерітінділер электролиттерінің иондарына алмастыру қабілеттілігіне негізделген бөлу үрдісі.