Абсорбциялық процестер жүретін аппараттар абсорберлер деп аталады. Масса алмасудың басқа процестері сияқты абсорбция да фазалар шекарасында өтеді. Сондықтан абсорберлер газ бен сұйықтық арасындағы үлкен жанасу аймағына ие болуы керек. Бұл беттің түзілу тәсіліне байланысты абсорберлерді шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады: беттік және жұқа қабықшалы, саптамалы, барботажды (табақшалы), шашыратқыш.
Бұл типті абсорберлерде фазалр түйісу беті қозғалмайтын немесе баяу қозғалатын сұйықтық айнасы немесе ағып жатқан сұйық қабықшаның беті болып табылады.
Бұл типті абсорберлерде фазалр түйісу беті қозғалмайтын немесе баяу қозғалатын сұйықтық айнасы немесе ағып жатқан сұйық қабықшаның беті болып табылады.
Беттік абсорберлер.Бұл абсорберлерді жақсы еритін газдарды сіңіру үшін қолданады. Аталған аппараттарда газ қозғалмайтын немесе баяу қозғалатын сұйықтықтың бетінің үстімен өтеді.(41 сурет) Осындай абсорберлерде түйісу бетінің ауданы