Табақшалы абсорберлер ішінде бір-бірінен белгілі қашықтықта орнастырылған горизантальді тежегіштер – табақшалар бар вертикальді бағаналар болып табылады. Табақшалардың көмегімен фазалардың бағытталған қозғалысы мен сұйықтық пен газдың көп ретті әрекеттесуі жүзеге асады.
Қазіргі кезде өнеркәсіпте табақшалы аппараттардың әртүрлі құрылысты түрлері пайдаланады. Сұйықтарды табақшалардан ағызу тәсілі бойынша барботажды абсорберлерді бағаналарға бөлуге болады: 1) ағызу құрылғысы бар табақшалармен және 2) ағызу құрылғысы жоқ табақшалармен