Жылу алмасу сияқты масса алмасу бір фаза шегінлде затты алмастыратын, фазалар бөліну беті арқылы тасымалдау және басқа фазалар шегінде тасымалдау жүретін күрделі үрдіс. Жылу алмасуда жылумен алмасатын орталар қатты қабырғамен бөлінген болса, масса алмасу беттесетін фазалар бөлігіндегі шек арқылы өтеді. Бұл шек қозғалғыш (газ-сұйық немесе бу-сұйық, сұйық-сұйық жүйелердегі масса берілу) немесе қозғалмайтын (қатты фазадағы масса беру) болады.

Фазадан фазалардың бөліну шегіне немесе кері бағытта, яғни фазалардың бірінің шегінде затты тасымалдау масса алу деп аталады.
Масса алмасу үрдісін екі топқа бөлуга болады. Бірінші топқа кем дегенде үш зат қатысатын үрдістер (абсорбция, экстракция) жатады. Заттардың біреуі бір фазада жатады, екіншісі тек екінші фазада, ал үшіншісі бір фазадан екіншісіне өтеді және ол фазалар арсында таралатын зат болып табылады. Бірінші және екінші заттар таралатын заттың тасымалдағыштары ғана болып табылады және олар фазадан фазаға өтпейді.