Абсорбция. Абсорбция деп газдар немесе бұлардың газды немесе булы-газды қоспалардан сұйық сіңіргіштермен (абсорбенттермен) сіңіру процесін айтады.
Абсорбция. Абсорбция деп газдар немесе бұлардың газды немесе булы-газды қоспалардан сұйық сіңіргіштермен (абсорбенттермен) сіңіру процесін айтады.
Физикалық абсорбция кезінде сіңірілетін газ (абсорбтив) абсорбентпен химиялық әрекеттесуге түспейді. Егер абсорбтив абсорбентпен химиялық қосылыс түзетін болса, онда хемосорбция деп аталады.
Физикалық абсорбция көп жағдайда қайтымды болады. Абсорбциялық процестердің осы қасиетіне ерітіндіден газды бөліп алу – десорбция негізделген.
Абсорбция мен десорбцияны біріктіру сіңіргішті көбірек қолдануға және сіңірілген компонентті таза күйінде бөліп алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда десорбция жасау міндет емес, себебі абсорбент пен абсорбтив процестен кейін қайта қолдануға болатын арзан немесе қалдық өнім болып табылады.
Абсорбциялық процестер химиялық технологияда кеңінен қолданылады және бірқатар маңызды өдірістердің негізгі технологиялық сатысы болып табылады (мысалы H2SO4 өндірісінде SO3 абсорбциясы; HCl алғанда HCl абсорбциясы: азот қышқылы өндірісінде азот тотықтарының абсорбциясы; NH3, C6H6 ,булары, H2S ;және т.б. компоненттердің кокс газының абсорбциясы ;)