Біртексіз немесе гетерогенді жүйелер деп екі немесе бірнеше фазалардан тұратын жүйелерді айтады. Жүйені құраушы фазаларды бір-бірінен механикалық түрде бөлуге болады. Кез-келген біртексіз бинарлы жүйе дисперсті (ішкі) фазадан және дисперсті ортадан немесе жалпы фазадан (сыртқы) тұрады, олар дисперсті фаза бөлшектерімен бөлінген. Физикалық күйінен тәуелді фазаларды: суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер, шаң, түтін, тұман деп бөледі.

Суспензиялар- сұйықтан және қатты бөлшектерден тұратын біртексіз жүйе. Қатты бөлшектердің өлшемінен тәуелді (мкм) суспензияларды ірі (100 жоғары), жұқа (0,5-100) және бұлдыр (0,1-0,5) деп бөледі. Суспензиялар мен шын ерітінділер (гомогенді жүйе) арасындағы өтпелі областты коллоидты ерітінділер алады. Олардың бөлшектерінің өлшемі малекула өлшемі мен масса бөлшектерінің арасындағы орташа мөлшерде алады.

Эмульсилар-бір-бірімен араласпайтын, бір сұйық тамшыларының екінші сұйыққа таралған жүйе. Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемі кең ауқымда тербеледі. Ауырлық күшінің әсерінен эмульсия қабаттарға бөлінеді, бірақ тамшылардың кіші өлшемінде (0,4-0,5 мкм. төмен) және эмульсияға тұрақтандырғыштарды қосу эмульсияларды тұрақтандырады және ұзақ уақыт бойы қабат түзелмейді.
Көбіктер-сұйықтан және онда таралған газ көпіршіктерінен тұратын жүйе.