«Адам Ағаш Үй» проективті тесті
Адамның суретін салып келесі интерпретация арқылы талдау жасау
• суреттің әлсіз басылуы – босаңдық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы,
• суреттің қатты басылуы – әсердің шиеліністілігі, қызбалық, серпімділік
• қарындаштың қағазды жыртып салынуы – ашу-ызалық, жанжалдық, шектен тыс белсенділік
• қарындаштың басылып салынуыны қатты өзгермелі нұсқада – әсердің тұрақсыздығы
• суреттің бәсең салынуы – алаңдаушылық, үрейлік, фрустрация
• қиылысқан штрихталуы – аса қатты бақылаушылық, шым-шытырық ойлар
• айрықша, тым ұқыптылықпен салынған сызықтар немесе сызықтардың өшірілуі және түзетілуі – өз үрей, қорқынышын қадағалау, перфекционизм
• соңына дейін жүргізілмеген сызықтар – алқыну (астения) немесе серпімділік (импульсивность)
• керекті нүктеге түспеген (жетпеген) сызық – серпімділік, аса қатты белсенділік
• сызық формасының бұрмалануы – серпілістік (импульсивность)
• ұқыптылық – алаңдаушылық, қоршаған ортаның қорқынышын қадағалау
• суреттің мөлдір элементтері – кемелденбеген, іс-әрекетіндегі өткірлік, серпімділік
• қызыл түстің шамадан тыс қолданылуы – ашу-ызаның басыңқылығы немесе белсенділік, шығармашылығы
• қара-қошқыл түстің шамадан тыс қолданылуы – жабығушылық, депрессия
• шұбар түс – манияктік бірбеткейлік
• әрең көрінетін ақшыл түстердің қолданылуы – өзінің шын сезімдерін жасыруға талаптануы
• пішіннің үлкендігі – мазасыздану жағдай, стресстік (күйзелістік) күй, серпімділік, аса қатты белсенділік, экспансивность
• пішіннің шағын мөлшері – жабығушылық, қорқу, өз-өзін төмен бағалау, ештеңеге бейімсіздігі
• әсіреттің мөлшері тым өзгермелі нұсқада болуы – әсердің тұрақсыздығы
• сурет қағаздың жоғары жартысында салынған – өз бағасын көтеруі, перфекционизм
• суреттің төмен жаққа қарай ығысуы – өз-өзіне төмен баға беруі
• сурет қағаздың шетінен шығып кетуі – серпілістік, үрей, қорқыныш
• сурет қағаздың бір бұрышында орналасқан – тұмшалану, қорғаншақтық
• пішіннің 15 градустық бұрыштан үлкен еңкеюі – психикалық сабырсыздығы, бірқалыпсыздық, тұрақсыздық
• әртүрлі қосымша бөлшектердің көптігі – өзін-өзі көрсетуі, шығармашылық қиял
• шектен тыс мұқияттылық және бірыңғай бөлшектің көптігі – ебедейсіздік, үрей, қорқыныш, перфекционизм
• бөлшектердің аздығы және схеманы пайдалану (үлгілендіру) – алқынушылық, серпімділік, әсерліліктің төмендігі, келеңсіздік
• қалай болса солай салынған сурет – серпімділік, төмен мотивациясы, келеңсіздік
• суреттердің бөлшектенуі және шектен тыс ұқыптылық, қатты өзгермілілігі – көңіл-күйдің тұрақсыздығы, бейнеленген кейіпкерге деген әртүрлі көңіл-күй қатынасы
• мазақ сурет – келеңсіздік пен әлеуметтікке қарсы және асоциализациямен сәйкестенген кәдуелгі қыр көрсету немесе өзін-өзі «жабуға» тырысу
• сайқымазақтық - өзін-өзі төмендетіп бағалау немесе келеңсіз көрсетушілік
• патша, ханзада және т.б. - талаптанудың өте жоғары көрсеткіші
• әскери қызметкер – агрессиялық
• әлеуметтікке қарсы кейіпкер немесе жағымсыз ертегі кейіпкері – келеңсіздік, асоциализациямен сәйкестенген кәдуелгі қыр көрсету
• қария, қарт-ана немесе кедей – өзін-өзі жаншу
• бай немесе кедей – материалды алаңдаушылық
• робот, инапланетиянин – өзін жалғыз сезінушілік, өз-өзімен болуы, конформдықтың төмендеуі
• арқы жағымен салынған сурет – келеңсіздік, жанжалшылдық
• қырымен салынған сурет - келеңсіздік
• төрттен бір бөлігі – шығармашылық (суретшілік) бағыт алу
• жүріп келе жатуы немесе бір жұмыспен айналысуы – шығармышылық бағыты, белсендігінің жоғарылығы
• отырған пішін – шығармашылық бағытта немесе селқостық
• жатқан пішін – селқостық немесе шығармашылық бағытта
• дене бөлігін үлкейту – дене бөлігінің қызметіне жоғары көзқарас
• дене бөлігін салмау – сол дене бөлігінің қызметін жоққа шығару
• оң және сол жақтағы дене бөліктерінің ассиметриясы (қисаюы) – ішкі жан дүниенің тепе-теңдігінің жоқтығы
• пішіннің оң жағының бұрмалануы - әлеуметтік мөлшерді сақтамауға бейім, әлеуметтік жағдай жасайтын адамдармен қарым-қатынасы қиын
• үлкен бас – қиял әлемінде қалықтау, яғни бос қиялшылдық, психикалық белсенділікке шоғырлану
• кішкене бас – өз-өзіне төмен баға беру
• басты тиянақсыз салу – ұялшақтық
• бастың желке тұсымен салынуы – шизофрениялық немесе параноидтық бірбеткейлік
• бастың ең соңында салынуы – өзаралық кикілжің
• тиянақты салынған сәнді шаш – өзін-өзі көрсетушілігі
• басында шляпа – өзінің бақылаусыз өшпенділігі алдындағы қорқыныш
• бастың жоқтығы – қатты белсенділік және өте жоғары серпімділік
• үлкен немесе айрықша көрсетілген құлақ – сезіктену, сақтық, қырағылық, сынға деген сезімталдық
• құлақтың кішкенелігі немесе жоқтығы – сынды теріске шығаруға ұмтылу, сынды қабылдамау
• үлкен мұрын мен құлақ – өзінің сырт пішініне көңілі толмау
• беттің кескіні – көбірек ақпарат беретін белгі
• беттің қаралануы – өзін-өзі жағымсыз сезінуі
• беттің бөлектеніп салынуы – өзінің сыртқы түрімен айналасындағылардың өзіне деген қарым-қатынасына алаңдаушылық
• үлкен болып ашылған көз – мазасыздық, қорғауды қажет етушілік
• көз-нүкте немесе саңылау, көздің салынбауы – үлкен серпімділік, өте үлкен белсенділік, келеңсіздік, алқынушылық, аутизация, жабығушылық, тәуелділікке қажеттілік
• бос көздер – алқынушылық, аутизация, серпімділік, асоциалдылық, қорқыныштар
• сызылып тасталынған көздер, қара көзілдірік – қорқыныштар
• көзқарастың бір жаққа қарауы – күмән, сезіктілік
• тиянақты салынған кірпіктер – өзін-өзі көрсету
• үлкен ауыз, ерінді айрықша атап көрсету – оральді белсенділік, оральді эротизм
• тісті ақситу – вербальді агрессияғс бейім
• айқасқан ауыз – келеңсіздік
• әзілді жымиыс – еркінен тыс ақжарқындық
• ауыз тек нүкте немесе жоқ – келеңсіздік, аутизация, алқынушылық, серпімділік
• айрықша көрестілген иек – артықшылықты қажет ету
• өте үлкен иек – ішкі батылсыздықты өтеуге ұмтылу
• жуан қысқа мойын – серпімділік
• ұзын мойын, әсіресе түймеге көңіл аудару – тәуелділік
• кең иық – өзін күшті сезінгісі келеді
• кішкентай иық – өзін әлсіз сезіну
• төрт бұрышты иық – шектен шыққан қорғаныш позициясы, адамдарға деген өшпенділік
• бұрыштау иық – алаңдаушылық
• төмен түскен иық – мұңды, жабырқаңқы және өзін кінәлі сезіну
• тегіс емес иық – көңіл-күйдің тұрақсыздығы
• ірі тұлға – төмен бағалау
• ұзын, созылған пішін – алқынушылық, интровертированность, анорексия
• бұрыштау немесе төрт бұрышты пішін – сенімділік немесе ара-қатынас проблемалары
• ұзын қолдар – жеңуге және жинақтағысы келеді, адамдарға бағытталу
• қысқа қолдар – бір нәрсеге ұмтылудың шектелуі, шегініске бет алыс, ішкі үндестік
• қолдың денеге жақын орналасуы немесе денеге жабысып салынуы – ішкі шиелініс, интровертированность
• қолдары арқасында, қалтасында, кеудесіне айқасқан немесе екі жағына тіркелген – әлеуметтік байланыстарда өзін- өзі қысылып ұстауы, өшпенділікті бақылау, өшпенділік және сезіктенушілік
• қолдың кең пәрменділігі – қимылға бар күшімен ұмтылуы, экстравертированность, адамдармен жақсы араласуы
• қолдары гениталийін (жыныс мүшелерін жауып тұрады) – өзінің сексуалдыдық (жыныстық) серпілісінің тенденциясын (бірбеткейлігін) бақылап отыруы
• қолдың қара етіп салынуы — агрессияның көрсетілуі
• қолды салмау – серпілістік, өзінің жыныстық қатынасы және өшпенділігіне кінәлі сезінуі, дәрменсіздігі
• жұдырықтың жұмылып тұруы – ашық наразылық
• үлкен жұдырық және өткір тырнақ – агрессия
• үлкен алақан – тез ашуланғыш мінезді, қарым-қатынаста қатты көңілі толмаушылық
• алақан суретінің салынбауы – бейімсіздік сезімі, қанаушылық, езушілік, қарым-қатынас жасай алмауы немесе қарым-қатынастың жетіспеушілігі
• экстравертті күй – кеңінен, бірақ та немқұрайлы байланыстарға бейім
• ұзын саусақтар – агрессиялық
• саусақтарын айқастырып немесе бір сызықта ұстануы – агрессиялы серпілісті басып тастағысы келуі
• саусақтары немесе қолы қараланған – жанжалшылдық
Достарыңызбен бөлісу: |