Профессора рузуддинова



бет31/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
5.1. Тақырып №20 Қазақтың тұңғыш дикторы
5.2.Мақсаты: алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
5.3. Оқыту міндеттері: дыбыстардың үндесуін жән үндестік заңын практикалық жолмен меңгерту. Қазақ тілінде ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыларын қалыптастыру.
5.4. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:
1. Отбасы деген не?
2. Гендерлік саясат дегеніміз не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Қазақ телевизиясының ардагері тұңғыш диктор Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды. Қос ғасырдың куәсі сонау 60 жылдары алғаш рет телеарна табалдырығын аттаған болатын. Жарты ғұмырын осы салаға арнаған ардагер жазушы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, сұхбат алған. Ал сол кездегі режиссер Шәкен Айманов Зұлқия Мұқанқызын дикторлыққа 750 үміткердің ішінен таңдап алған екен. Өлең оқуды жаны сүйетін Зұлқия Жұматованың дәл осы туындысы телевизия саласына жетеледі. Өйткені, Шәкен Айманов үміткердің даусы мен мәнеріне жоғары баға берген еді. 1958 жылы балалар бағдарламасына редактор болам деп келген ол 37 жасында ойламаған жерден диктор атанады. Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылдың 20 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Алматы телестудиясы ашылған 1958 жылы дикторлыққа жарияланған конкурсқа қатысып, 750 адамның арасынан үздік шығады. «Мәдениет министрлігінің өкілдері бастаған комиссия 20 кісіден тұрды. Олар ақылдасып болған соң, «Сіз бірауыздан өтесіз» деді. Артынан білгенімдей, бағанадан бері менімен тілдескен Шәкен Айманов екен. Қасыма келіп ризашылығын білдірді. Сол кезде 1 орынға 750 адам үміткер болыпты. Дәл осылайша, қазақ теледидарындағы тұңғыш диктор болу бақыты менің маңдайыма бұйырды»,- деп еске алады З.Мұқанова. Сол жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде телехабарлар мен жаңалықтардың жүргізушісі ретінде қатысып, Юрий Левитан, Нина Кондратова сияқты бүкіл одаққа танымал дикторлармен қатар дикторлық өнердің құпиясымен танысады. Зұлқия Мұқанқызы қара шаңырақта 1958 жылдан 1970 жылға дейін қызмет етті.
6-тапсырма
Психологиялық ахуал қалыптастыру «Ыстық алақан»тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне тілектер айтып,сәттілік тілейді. Қызығушылықты ояту. Пікірталас ұйымдастыру. 1.Байланыс дегеніміз не?
2.Гажд қай жылы шықты ?
3.телефондың пайдасы
4.Телефондың зияны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет