Профессора рузуддинова


Отан алдындағы парыз деген не? 5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок



бет72/73
Дата17.06.2023
өлшемі1,57 Mb.
#102006
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
әдістемілік кешен 2023 қазақ тілі Қалиева Б

2. Отан алдындағы парыз деген не?
5.5. Дидактикалық-ақпараттық блок
Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ, уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының қалай өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады." Осы күнге дейін не бітірдім? Қандай мақсаттарға жеттім?" деп өздеріне сұрақ қойып, " Қайран алтын уақытым-ай!" деп те өкінбесі бар ма. Сондықтан, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек. 
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?
1. Өзініз ұнататын іспен айналысыңыз. Өміріміздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істерімізбен айналысудың арқасында. Қызығушылықтарына (хобби) аз уақыт бөліп, жұмыстарына үнемі шағымданып жататын адамдар аз емес. Сондықтан, сіздің табыс көзініңіз бен сүйікті ісіңіздің арасында байланыс болғаны дұрыс.
2. Жоспарыңыздың орындалуын тездететін істермен ғана айналысыңыз. Күнделікті жұмыстардың ішінен пайдасыз істерді алып тастаңыз. Өзіңіздің босаңсуыңызға жол бермеуге тырысыңыз. 
3. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?"Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
4. Егер сіздің өмір сүруіңізге 1 жылдан аз уақыт қалса, не істейсіз? Бір жылдың ішінде қандай жұмыстарды атқарар едіңіз? Осындай ойлар адамдардың өмірдегі маңызды заттар мен өмірлік мақсаттарын түсінуге септігін тигізеді. Бұл арқылы адамдар нақты жоспар құрып, сол жоспарларды орындау жолында жұмыс істей бастайды. 
5. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жоспарлар мен мақсаттарыңыздың тізімін жазып, түртіп отыратын қойын дәптердің болғаны дұрыс.
6. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске көшіңіз.Бастаған ісіңізді аяқсыз калдырмаңыз.
7. Тізімді басымдылығы бойынша құру қажет.Көптеген адамдар өздеріне жақын жұмыстардан бастағанды жөн көреді. Дегенмен, күнделікті атқарылатын істердің тізімі маңыздылығы бойынша құрылатын болса, бұл адамға жоспар бойынша рет ретімен жұмыс істеуге көмектеседі. Әрбір аяқталған істерді тізімнен сызып тастауға болады.Сонда адамдар жоспарларының бір бөлігінің жасалғанын көріп, ары қарай бар күшімен жанталасуға дем береді. 
Тапсырма:

  • сөйлемге синтаксистік талдау жасау:

Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей, «Отан, отан,отан...» деп, шырылдай береді.

  • Бәлкім, сөйтсе, демек, бәлкім – қыстырма сөз, мағынасы:...

Фонетикалық талдау:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет