4. Қолдан. Схема бойынша сөйлем құра. Тыныс белгісіне көңіл аудар.
5. Салыстыр. Оқшау сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен салыстыру.
Қыстырма сөз - Вводные слова - ережесін айту.
Қаратпа сөз - обращение - мысалдар келтіру
Одағай сөз - междометия - мысалдар келтіру
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып, жаз.
1. «Абылай ханның арманы» атты тарихи драма — ... Д. Рамазанның шығармасы. 2. Қойылымды режиссер Болат Ұзақов ... . 3. Шығарма Абылай ханны жоңғардың ... кезінен басталады. 4. Қойылымда режиссер ханның ... көрсетеді. 5. Сонымен қатар Қытайға, Ресейге ... көрсетеді.
Қажетті сөздер: сахналады, қаламгер, елші жібергені, шиеленісті шешуі, тұтынға түскен
9-тапсырма.
Берілген сөздердің синонимін сәйкестендіріңдер.
1. көне а. түсіндіру
2. қасиетті ә. жюри мүшелері
3. құдіретті б. киелі
4. ұғындыру в. ескі
5. қазылар аласы г. Күшті
5.6 Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1 Қазақ тілі мен әдебиеті 11-сынып Т2 1-бөлім https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/tbr11-1
Қосымша әдебиеттер:
1. Жалпы білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы. – Астана, 2018