Байланысты: Т-5. Конституциялық құрылым негіздері мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (копия)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылық (ҚР ҚК 178-бабы)
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъекті – есi дұрыс жеке тұлға, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (ҚР ҚК 178-бабы) жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлекеттiк қызметiн немесе басқа да саяси қайраткершілігін тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылықты жасаумен байланысты болады. Кінә тікелей пиғылдың болуын көздейді.
Кінәлі Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қолсұғушылықтың қоғамдық қауіпті сипатын түсінеді, әрекеттері салдарынан Қазақстан Республикасының Президентi өлуі мүмкін екенін немесе міндетті түрде өлетінін біледі және сол әрекеттерді жасауды қалайды.
Сондай-ақ, кінәлі арнайы мақсатты көздейді - жәбірленушінің мемлекеттiк қызметiн тоқтату, не болмаса ниеттік себеп ретінде осындай қызметi үшiн кек алу. Егер, мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткерді, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президентiн өлтіру немесе өмiрiне қолсұғушылық жасау аталған мақсаттар мен себептерді көздемесе, онда ҚР ҚК Ерекше бөлiгі 1-тарауында көзделген жеке адамға қарсы қылмыс ретінде саралау керек (ҚР ҚК 99-бабы. Адам өлтiру).
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы)
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы)
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объекті – Қазақстан Республикасындағы конституциялық тәртіп пен заңды биліктің тұрақтылығын реттейтін қатынастар. Қылмыс заңды билікке қарсы құқыққа қайшы қолсұғушылықты білдіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерді де көздейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы келесілерге бағытталған әрекеттерді білдіреді: билікті күштеп басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жариялы түрде шақыру; Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту.
Бұл жағдайда, мемлекеттік билікке күш қолдану арқылы адамдар тобының, партияның, қоғамдық бірлестіктердің, шетелдік ұйымдардың келуі туралы сөз болуда. Күш қолданулар әртүрлі сипатта болуы мүмкін, мысалы террорлық актілер ұйымдастыру, диверсиялар жасау, халық пен лауазымды тұлғаларға қатысты күш қолдану және т.б. Сондай-ақ, осы немесе осыған ұқсас әрекеттер мен тәсілдер билікті ұстап тұру үшін де қолданылуы мүмкін екендігі туралы айтылуда.
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы)