Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (
Байланысты: Т-5. Конституциялық құрылым негіздері мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (копия)
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы)
Билікті басып алу мен билікті ұстап тұрудың айырмашылығы, билікті басып алу – мемлекеттің жоғары лауазымдарына конституцияға қайшы жағдайларда қол жеткізу немесе оларды иелену, ал билікті ұстап тұру – билікті заң бойынша жоғалтқан жағдайда күш қолдану арқылы билікті беруден бастарту, мысалы сайланған мерзімі өткеннен кейін, дауыс беру кезінде жеңіліс табу және т.с.с.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту Конституцияның ережелеріне қарамастан Қазақстан Республикасының басқару нысанын өзгерту, егемендігін бұзу, территориясын бөліп алу кезінде күш қолданудан тұратын әрекеттерді білдіреді.
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы)
Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы формальды болып табылады, сол себепті билікті басып алу мен билікті ұстап тұру немесе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын өзгерту мақсатында күш қолдану басталған кезден аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық деп саналады.
Осы кезде орын алуы мүмкін өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар, мәселен мемлекет немесе қоғам қайраткерін өлтіру, мүлікке қолсұғушылық, адамның әрі азаматтың конституциялық құқықтарын бұзу және басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сараланады.
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179-бабы)
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъекті - қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға, билікті ұстап тұру кезінде арнайы субъекттің белгілері бар, билікке конституциялық жолмен келген тұлғаға билікті беру міндеті жүктелген билік өкілі болып табылатын тұлға.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы тікелей пиғылмен сипатталады және арнайы мақсатты көздейді. Кінәлі конституциялық жолмен емес әрі күш қолдану арқылы билікті басып алып жатқанын немесе ұстап тұрғанын, не болмаса конституциялық құрылымды өзгертіп жатқанын түсінеді, оның қоғамға қауіпті салдарларын түсінеді және соны қалайды.