Программа дисциплины для студентов



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#117018
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Үрдісті құру
Үрдістерді құрылуына алып келетін үш негізгі оқиғалар (
fork
шақыруы
немесе 
CreateProcess
):

Жүйені жүктеу

Үрдісті құруға, жұмысшы үрдіс жүйелік шақыру жібереді 

Үрдіс құруға арналған пайдаланушы сұранысы 
Барлық жағдайларда, ағымдағы белсенді үрдіс жаңа үрдіс құруына жүйелік
шақыру жібереді. 
UNIX –те әрбір үрдіске үрдіс идентификаторы меншіктеледі ( PID - Process
IDentifier).
Үрдістің аяқталуы
Үрдістің тоқтатылуын тудыратын төрт оқиға (
exit шақыруы немесе
ExitProcess
) бар:

Жоспарлы аяқтау (орындалудың аяқталуы)

Белгілі қатемен жоспарлы шығу (мысалы, файлдың жоқ болуы)

Түзетілмейтін қатемен шығу (программада қате)

Басқа үрдіспен жойылуы 
Сонымен, тоқтатылған үрдіс, әдетте оны 
жадтың бейнесі
(
core image
) деп
атайтын, өзіндік адрестік кеңістіктен және үрдіс кестесінің компоненттерінен
(компоненттердің ішінде оның регистрлері) тұрады.
Үрдістер иерархиясы


UNIX жүйелерінде үрдістердің қатаң иерархиясы жасалған. fork жүйелік
шақырумен жасалған әрбір жаңа үрдіс, алдындағы үрдіске
еншілес
болып
келеді. Еншілес үрдіске аталық үрдістен айнымалылар, регистрлер және т.б.
беріледі. fork шақырылып, аталық мәліметтердің көшірмесі жасалғаннан кейінгі
үрдістердің біреуінде пайда болған өзгертулер басқасына әсер етпейді. Бірақ
үрдістер қайсысы аталық екенін есте сақтайды.
Мұндай жағдайда UNIX –те барлық үрдістердің аталарының атасы бар – 
init үрдісі
.
UNIX жүйесіне арналған үрдістер иерархиясы
Windows -та үрдістер иерархиясы түсінігі жоқ. Бірақ аталық үрдіске,
еншілес үрдісті бақылауға мүмкіндік беретін, арнайы таңбалағыш (маркер)
беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет