Программа дисциплины для студентов


Есептеуіш жүйелердің эволюциясының қысқаша тарихы



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#117018
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Есептеуіш жүйелердің эволюциясының қысқаша тарихы
Біз операциялық жүйелердің емес, ал есептеуіш жүйелердің даму тарихын
анықтап қараймыз, себебі hardware және бағдарламалық қамтамасыздандыру
бірге, бір-біріне өзара ықпалын тигізе отырып дамыған. Жаңа техникалық
мүмкіншіліктердің пайда болуы ыңғайлы, нәтижелі және қауіпсіз программалар
құру салаларына желпіністер(прорыв) алып келді, ал бағдарламалық салаларға
жаңа техникалық шешімдерді іздеу ойлары ынталандырды. Нақ осы белгілер -
ыңғайлылық, нәтижелік және қауіпсіздік есептеуіш жүйелердің эволюциясы
жанында табиғи сұрыптау факторларының ролін атқарды.
I кезең (1945 – 1955 жж.). Лампалық машиналар. 
Операциялық жүйелер жоқ.
Біз компьютерлік кешендердің дамуын электрондық есептеуіш жүйелердің
пайда болуынан бастап зерттеуді бастайық.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында электрондық есептеуіш
машиналардың өңдеу саласында алғашқы қадамдар қамданылған болатын. 40-
шы жылдардың ортасында бірінші лампалық есептеуіш құрылғылар жасалған
болатын және машина жадында сақталынатын бағдарлама принципі пайда
болды (John Von Neuman, 1945 ж.). Сол уақытта бірдей адамдардың тобы
есептеуіш машиналарды жобалауда, іске асыруда және бағдарламалаудада
қатысатын. Компьютерді басқа қолданбалы салалардың әртүрлі тәжірибелік
есептерін шешу құралы ретінде жиі қолдану емес, ал мұны есептеуіш техника


саласындағы ғылыми - зерттеу жұмысы деуге болады. Бағдарламалау тек қана
машиналық тілде жүзеге асырылатын. Операциялық жүйе туралы сөз де
болмады, есептеуіш процесті ұйымдастырудың барлық тапсырмалары әрбір
бағдарламашымен басқару пультынан қолмен шешілетін. Пультта тек қана бір
пайдаланушы ғана отыратын. Бағдарлама ең сәтті жағдайда перфокарталар
арқылы, ал әдеттегі жағдайда ауыстырып қосқыштардың панелі арқасында
машина жадысына жүктелетін.
Есептеуіш жүйе бір уақытта тек қана бір амалды орындайтын (енгізу -
шығару немесе өзіне меншікті есептеу амалдарын). Бағдарламаларды
қалыптастыру машина жадысының және регистрлердің қалып - күйін зерттеу
арқасында басқару пультынан басқарылды. Осы дәуірдің соңысында бірінші
жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру пайда болды: 1951-1952 жж.
бірінші символдық тілдердің компиляларының бейнелері пайда болды (Fortran
және т.б.), ал 1954 жылы Nat Rochester IBM-701ге арналған Ассемблер өңдейді.
Уақыттардың маңызды бөлімі бағдарламаны іске қосуға дайындауына
кетті, ал жүйелі бағдарламалардың өздері қатал тәртіпте орындалды. Осындай
жұмыс тәртібін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет