Операциялық жүйе мен программалар арасындағы интерфейс
жүйелік
шақырулардың
жиынтығымен анықталады.
Мысалы, егер пайдаланушы үрдісіне мәліметтерді файлдан оқу қажет
болса, онда ол жүйелік шақырудың командасын орындауы керек, бұл дегеніміз
ядро режиміне ауысатын үзуді орындау және мәліметтерді файлдан оқитын
операциялық жүйенің функциясын активтендіру.
POSIX стандартының ең жиі қолданылатын жүйелік шақыруларды
қарастырайық. POSIX –те 100-ден аса жүйелік шақырулар бар.
fork
– жаңа үрдісті құру
exit
– үрдісті аяқтау
open
– файлды ашу
close
– файлды жабу
read
– мәліметтерді файлдан буферге оқу
write
- мәліметтерді буферден файлға жазу
stat
– файлдың қалып-күйі туралы ақпарат алу
mkdir
– жаңа каталог құру
rmdir
– каталогты жою
link
– сілтеме құру
unlink
– сілтемені жою
mount
– файлдық жүйені құрастырады
umount
- файлдық жүйені
демонтирует
chdir
– жұмыс каталогын өзгерту
UNIX-тегі шақырулар, жүйелік шақыруларға қатынау үшін қолданылатын
кітапханалық процедуралармен бірдей болып келеді.
Windows –қа арналған -
Win32 API
қолданбалы программалау интерфейсін
қарастырайық.
Win32 API жүйелік шақырулардан бөлінген (отделен). Бұл программаны
қайта жазбай, әр-түрлі версияларда жүйелік шақыруларды өзгертуге мүмкіндік
береді.
Сондықтан түсініксіз: шақыру жүйелік (ядро арқылы орындалатын) болып
келеді ме, немесе ол пайдаланушы кеңістігінде өңделеді ме?
Win32 API –де 1000 –нан аса шақыру бар. Шақыру санының көптігін
былай түсіндіруге болады: UNIX пайдаланушысының графикалық интерфейсі
пайдаланушылық режимде іске қосылады, ал Windows –та ядро ішіне
ендірілген. Сондықтан, Win32 API –де терезелерді, мәтіндерді, қаріптерді және
т.б. басқаруға арналған көптеген шақырулары бар.
POSIX стандартының шақырулары тәрізді Win32 API –дің шақыруларын
қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: