3
Пр
оц
ес
ст
і
а
яқ
тау
Орындау
Дайындық
Күту
Пр
оц
ес
сті
қ
ұр
у
Қалып-күй арасындағы мүмкін болатын ауысулар
1. Үрдіс блокталады, енгізілетін мәліметтерді күте
отырып
2. Жоспарлаушы басқа үрдісті таңдайды
3. Жоспарлаушы тап осы үрдісті таңдайды
4. Енгізілетін мәліметтер түсті
2-ші және 3-ші ауысулар операциялық жүйенің үрдістерді жоспарлаушысы
арқылы шақырылады. Үрдістердің өздері осы ауысулар туралы тіпті білмейді.
Үрдістердің көзқарасы бойынша орындалудың және күтудің екі қалып-күйі
бар. Серверлерде клиент сауалына жауапты тездету үшін, жиі күту тәртібіне
бірнеше үрдісті жүктейді.
Сервер сауалды алғаннан кейін, үрдіс «күту»
тәртібінен «орындалу» тәртібіне ауысады. Бұл ауысу жаңа үрдісті іске
қосқаннан көрі едәуір тез орындалады.
Ағындар (жіптер, жеңілдетілген үрдіс)
Ағын түсінігі
Әрбір үрдіске адрестік кеңістік және орындалатын
командалардың жеке
ағыны сәйкес келеді. Клиентке қызмет көрсету үшін
көп пайдаланылатын
жүйелерде бір сервиске әрбір қатынаған сайын жаңа үрдіс құруға тура келеді.
Бұл, осы үрдіс ішінде бір адрестік кеңістігі бар квазипаралельді ағын құруға
қарағанда кемірек пайдалы.