С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Пән: Ойын психокоррекциясы
Тақырып : Рөлдік ойындардың шығу тарихы
Орындаған: Өмір Кәмшат
Тексерген: Матаева Бакытгул Укужаровна
Жоспар:
Топтағы ойындарды ұйымдастыру
Балалар коррекциялық топтарын құрудағы психодиагностикалық зерттеу
Жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемалары
Сюжетті–рольді ойындар
Психокоррекция
Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.) Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде болады.
Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.
Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Заттармен ойналатын ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы?» т.б.
Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», «4-не артық?» т.б.
Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой – жүйелерін қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.
Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда, «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?», «Неше жапырақ?» т.б.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.
Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарының бейнеленетінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды коршаған болмыс жөніндегі әсер мен ұғымды кеңейтудің кұралы деп білді. «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін,— деп жазды ол,— ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін — оқу, ойын олар үшін- еңбек, ойын олар үшін — тәрбиенің мықты формасы.»
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін — айналадағыны танып, білу тәсілі.
Ойын мен ойын әрекеті мазмұныпың әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады, қарым-қатынас жасау мен қоғамдық, тәжірибені игерудің қуатты кұралы- тілді бірте-бірте меңгереді. Бала ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді, бірақ бұл ықылас әлі оның мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келетіндей дәрежеде олардың қуанышы мен ренішін түйсіне отырып, ол осындаи өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.
Ойынның сюжеті, мазмұны — бұл оның жанды тұлғасын кұрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарьім-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рол.
Ойын процесіңде рольге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рольді немесе рольді-сюжетті ойындар деп аталады. Роль әрқашан адамға немесе жануарға, оның қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рольді ойнайды. Бірақ мектепке дейінгі бала ол рольді жай ғана ойнап қоймайды, бар жанымен сол бейнеге енеді, оның шын екеніне сенеді.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда — ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мнн өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдык, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншак, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі азды-көпті типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әр түрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады.
Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылатын және басқарылатын педагогикалық процеске енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу кұралы ретінде пайдалануға көп байланысты.
Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, А. С. Макаренконың сөзімен айтқанда, «жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынға мынадай сапа тән: мазмұнның тәрбиелік-танымдық құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы; ойын іс-әрекеттерінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және шығармашылық сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала білу; ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткерлікпен пайдалану; балалардың қарым-қатынастырының игі тілектестігі және көңіл күйлерінің шаттығы.
Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-кұлқына ықпал жасайды, ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады.
Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-кұлқына ықпал жасайды, ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык және дене тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады.
Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Ойында қайсыбір рольді орындау үшін бала өзінің түсінігін ойын әрекетіне көшіруге тиіс. Кейде адамдардың еңбегі туралы, накты іс-әре-кеттер, өзара қарым-қатынастар туралы білімдер мен түсініктер жетімсіз болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі туады. Жаңа білім қа-жетттігі балалардың сүрақтарынан көрінеді. Тәрбиеші ол сұрақтарға жау-ап қайтарады, олардың ойын кезіндегі әңгімелеріне құлақ түреді, ойнау-шылардың өзара түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.
Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп кана коймайды, сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады, соның барысында олар тәрбнешінің басшылығымен жана білім меңгереді.
Ойын — өзінше бір мектеп, сол арқылы бала адамдарының мінез-құлкының ережелері мен нормаларын, олардың еңбекке, қоғамдық меншікке көзқарасын, олардың өзара қарым-қатынасын шығармашылықпен игереді. Ойын балалардың өздерінің де қоғамдық мінез-кұлқы, олардың өмірге, бір-біріне көзқарасы, қарым-қатынасы қалыптасатын қызмет формасы болып табылады.
Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниетінен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.
Қорытынды:сюжетті-рөлдік ойында түпкі ойды дамыту баланың ақыл-ойының дамуымен, қызығушылықтарының қалыптасуымен байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларда өмірдегі түрлі оқиғаларға, ересектердің еңбектеріне қызығушылық байқалады.
Сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған заттық-кеңістіктік ойын ортасы болуы тиіс. Бала өзінің ойындағы мақсаттарын іске асыруда өзіне жолдас таңдайды, қажетті ойыншықтарды іріктейді. Сюжеттік-бейнелеу ойындарын дамыту үшін ойындық жағдаятта бейнеге енуге көмектесетін түрлі ойыншықтар қажет. Балалар ойындарда заттарды алмастырушы құралдарды қолданады. Мысалы, таяқшаның көмегімен - «қызу өлшегіштің»- дене қызуын өлшейді. Қыз балалар үшін міндетті түрде қуыршақтардың болуы ойыншық-кейіпкерлермен әрекет барысында оларда әлеуметте қарымқатынас жасауға алғышарт болып табылатын рөлдік сөйлеуі қалыптасады.Ұл балалар үшін конструкторлар, ойыншық машиналар, жануарлар, мысалы, ит, аю, қоян және т.б. болуы мүмкін. Ойыншықтарды іріктеудің маңызы зор. Ойыншықтарға қойылатын талаптар: - балаларды шығармашылыққа ынталандырып, достық қарымқатынасты қалыптастыратындай болуы тиіс; - пайдалануға қолайлы: ашық түсті, қауіпсіз сырмен сырлануы; - өңдеуге: жуып, тазалауға қолайлы болуы тиіс. Қуыршақтар мен аюлар түрлі өлшемде (үлкен, орташа, кішкентай), сондай-ақ оларды орауға, ұйқыға жатқызуға, тамақтандыруға, қыдыртуға ыңғайлы; қуыршақтар жиһазы, машиналар орнықты, сәби қуыршақты орындыққа отырғызып, өзі де отыратындай болуы тиіс. Ойыншық ыдыстар ірі өлшемді болуы тиіс. – Ойын балаларға олардың ой-өрісін кеңейту үшін жаңа білім берудің тәсілі. Ересектердің еңбегіне, қоғамдық өмірге, адамдардың батырлық істеріне қызығушылықтың дамуымен балаларда болашақ мамандық туралы алғашқы ой-армандары, сүйікті кейіпкерлеріне еліктеуге ұмтылысы пайда болады.Осының барлығы мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасатын бала тұлғасының бағыттылығын құруда ойынды маңызды құралға айналдырады. – Қызықты ойын баланың ақыл-ой
Белсенділігін арттырады және ұйымдастырылған оқу қызметіндегі күрделі міндеттерді шешеді. Балалар ойындарына көптеген ойдан, қиялдан құрастырылған ойларды енгізеді, эмоционалдық мәнерлілік, қозғалыстар, ым-ишара дамиды. – Мектепке дейінгі жаста бала адамгершілік қасиеттердің маңызын танып қана қоймайды, сондай-ақ айналасындағы адамдардың қылықтары мен әрекеттерін, өзінің қылықтарын бағалауға үйренеді. – Ойын тәрбиенің маңызды құралы болып табылады. Балалар сюжетті-рөлдік ойындарда бір-бірімен ойнай отырып, өзара келіседі, барлық даулы сұрақтарды шешуде әділетті және ортақ шешім іздестіре бастайды. – Осылайша, сюжетті-рөлдік ойында баланың алған білімі, әсері өзгеріссіз қалмайды: олар толықтырылып, нақтыланады, сапалы түрде өзгереді, түрленеді. Ойын қоршаған болмысты іс жүзінде тануға мүмкіндік береді. Кез-келген шығармашылық әрекет сияқты сюжеттірөлдік ойын да эмоцияға толы және әрбір балаға қуаныш сыйлайды. Балада күрделі өмірлік жағдаяттарды–сәтсіздіктер, жанжал мен дағдарыстарды табысты жеңу үшін психологиялық негіз пайда болады. Қорытынды: Ойын баланың қоршаған ортаны тануына бағытталған әрекет түрі. Құрдастарымен өзара әрекеттің түрлі оң тәжірибесін игерген бала, өзін және өзгелерді, өз мүмкіндіктері мен өзгелердің мүмкіндіктерін нақты бағалай бастайды, оның шығармашылық дербестігі, көшбасшылық қасиеттері, әлеуметтік құзыреті дамиды. Ойын арқылы балаларда тек коммуникативтік дағдылар ғана емес, сондай-ақ адамгершілік сезімдері де қалыптасады. Ойын баланың бойында жаңа шығармашылық әрекет түрін (актерлік, дизайнерлік, режиссерлік және т.б. қасиеттер) қалыптастырады. Сюжетті-рөлдік ойындардың түрлері: -тұрмыстық сюжетті бейнелейтін ойындар: «отбасы», «мерекелер», «туған күн»; -өндірістік және қоғамдық тақырыптағы ойындар: «Шаштараз», «Дүкен», «Мектеп», «Аурухана», «Құрылысшылар»; -ерлік-патриоттық тақырыптағы ойындар: «ғарышқа ұшу», «Мерекелік отшашу», «Экспо», «Өрт сөндірушілер»; -әдеби шығармалар, кино, теле және радиохабарлар тақырыбындағы ойындар: «Алдар-Көсе», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. -режиссерлік ойындарда бала қуыршақтарды сөйлетеді, оларға түрлі әрекеттерді орындатады. Ол барлық әрекеттерді бағыттай отырып, қуыршақ үшін және өзі үшін әрекет етеді. Айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.
Рөлдік ойын — біріккен топтық ойын, мұндай ойынға қатысушылар әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды (әлеуметтік рөл): анасының, әкесінің, тәрбиешінің, дәрігердің, оқушының т.с.с. Рөлдер теориясы – әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін, тұлғаның және тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік психологиялық теориясы. Рөлдер теориясы адамның рөлдік қылықтық терминдеріндегі тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады.
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс– әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Рөл – сюжеттік-рөлдік ойынның негізгі діңгегі болып табылады. Ойында рөлдің болуы бала санасында өзін қандай да бір адаммен теңестіреді де, ойында соның атынан әрекет жасайды, соған сәйкес қажетті заттарды пайдаланып, басқа ойыншылармен түрлі қарымқатынасқа түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
https://works.doklad.ru/view/R8noT3iPiXg.html
https://works.doklad.ru/view/9LcS_2Y81Nk.html
Психологическая коррекция эмоциональной сферы
Психологическая коррекция тревожности детей 5-7 лет средствами семейного консультирования
https://works.doklad.ru/view/Nuxk3mJAq7s.html
Психологическая коррекция
Достарыңызбен бөлісу: |