Программа дисциплины для студентов


Операциялық жүйе қор менеджері ретінде



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#117018
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Операциялық жүйе қор менеджері ретінде 
Операциялық жүйе сәулеті өте күрделі компьютердің барлық бөліктерін
басқаруға арналған. Мысалы, егер бір компьютерде жұмыс жасаған бірнеше
бағдарламаларды бір уақытта принтерге шығаратын болсақ, онда не
болатынын көрейік. Біз әртүрлі бағдарламалар арқылы шығарылған жолдар мен
беттердің қоспасын алар едік. Операциялық жүйе баспаға шығаруға, дискіге
және баспаға шығару үшін кезек ұйымдастыруға арналған ақпаратты буферлеу
арқылы осындай хаосты қақпайлайды. Көп пайдалынатын компьютерлер үшін
қорларды басқару қажеттілігі және оларды қорғау тағы да көбірек айқын. 
Демек, операциялық жүйе, қорлардың менеджері сияқты,
процессорлардың, жадының және әртүрлі бағдарламалар арасындағы басқа да
қорлардың реттелген және бақыланатын таратылуын іске асырады.
Операциялық жүйе пайдаланушылардың және бағдарламалардың
қорғаушысы ретінде


Егер есептеуіш жүйе бірнеше пайдаланушының бірге жұмыс жасауын
рұқсат етсе, онда олардың қызмет етуінің қауіпсіздігін ұйымдастыру
проблемасы туындайды. Ешкім бөтен файлдарды жойып алмауына немесе
зақым келтірмеуі үшін дискідегі ақпараттың амандығын қамсыздандыру
қажетті. Пайдаланушылардың біреулерінің бағдарламалары басқа
пайдаланушылардың бағдарламаларының жұмысына өз бетімен килігуіне
рұқсат беруге болмайды. Есептеуіш жүйені бекітілмей(несанкционированный)
қолдану әрекеттерін кесіп тастау керек. Барлық осы қызметті операциялық
жүйе пайдаланушымен, олардың бағдарламаларының қауіпсіз жұмысын
ұйымдастырушысы ретінде жүзеге асырады. Осындай көзқарас бойынша
операциялық жүйе өзін мемлекет қауіпсіздігі жүйесі ретінде таныстырады.
Операциялық жүйе тұрақты атқарылымдық түйін (ядро) ретінде 
Операциялық жүйеге келесі анықтама беруге болады: 
операциялық жүйе
дегеніміз компьютерде тұрақты жұмыс істеуші және қолданбалы
бағдарламалардың бәрімен әрекет етуші программа деп. Бәрімізге осы
анықтама абсолютті дұрыс деп көрінер еді, бірақ, ары қарай көретін болсақ,
қазіргі заманғы операциялық жүйелердің көптегендерінде, компьютерде
операциялық жүйенің
түйін
деп аталатын тек қана бір бөлімі тұрақты жұмыс
істейді.
Біз көріп отырғандай, операциялық жүйеге әртүрлі көзқараспен өте көп
анықтама беруге болады. Оған қатаң түрде анықтама беруге болмайды.
Бізге операциялық жүйеге анықтама бергеннен көрі, ол не үшін керек және
ол қандай іс атқаратыны туралы айту тіпті оңай. Осы сұрақтарды айқындау
үшін есептеуіш жүйелердің дамуының тарихін қарап шығайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет