Программа дисциплины для студентов


Лекция. Параллель компьютерлер типтері



бет9/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,76 Mb.
#12433
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
4 Лекция. Параллель компьютерлер типтері.

  • Хабар беру мультикомпьтері.

  • Үлестірілген жадылы мультикомпьютерлер.

  • Флинн таксономиясы.

  • Жаңа таксономия құру спецификациясы.

Бұл компьютерлік жүйелер байланыс жүйелері арқылы өзара байланысқан компьютерлер жиыны.

Әрбір компьютерлер поцессор мен жергілікті жадыдан тұрады. Жады компьютерлер арасында үлестірілген.

Әрбір компьютердің өз адрестік кеңістігі бар. Поцессорлар үшін өзара байланыс бір-біріне хабар беру немесе алу арқылы қамтамасыз етіледі. Хабарларға басқа поцессорлардың есептеуіне қажетті деректер кіруі мүмкін.



Сонымен, берілген жүйеде кэш пен жадының келісушілік проблемасы тумайды. Үлестірілген жадылы микрокомпьютер 5-суретте көрсетілген.


Хабар


Процессор

Жергілікті жады


Компьютерлер

5-сурет. Хабар беру көппроцессорлы жүйесінің моделі (мультикомпьютерлер).
Поцессорлар арасындағы хабар беруді программа жүзеге асырады. Берілген жүйенің негізгі идеясы – қойылған есепті толығымен шешу үшін, есепті бір уақытта орындалатындай етіп бөліктеуге болады.

Жұмыс станциясы жиынынан тұратын желілік жүйе көбінесе жұмыс станциясының желісі (NOW – network of workstations) немесе жұмыс станциясының кластері деп аталады (COW – cluster of workstions). Барлық жұмыс станциялары өзара байланысты бір немесе бірнеше қосымшаларды орындайды. Үлестірілген жадысы немесе бірнеше қосымшаларды орындайды. Үлестірілген жадысы бар қымбат емес мультипоцессор құрудың кең тараған әдісі Beowulf машинасын жинау. Ол базалық ақпараттық жасау және Pentium поцессорның чипсеттері, желілері, дискілері және Linux операциялық жүйесі сияқты ақысыз программалардан тұрады.

Үлестірілген жадылы мультикомпьютерлердің өте кең комбинациясы – бөлінетін жүйесі сияқты жадыны қолдайтын машина.

Мұндай типті мультикомпьютерлердің программалауға бірнеше әдістермен жетуге болады:

● Арнайы параллель программалау тілін жобалау (мысалы, Occam параллель программалау тілі),

● Хабар жеткізуді өңдеу үшін тізбекті жоғары деңгейлі тілдің түйінді сөздерін кеңейту (мысалы, С++, Фортран HPF);

● Бар тізбекті жоғары деңгейлі тілді қолдану және хабар беру үшін сыртқы процедуралардың кітапханасын жасау (мысалы, PVM, MPI).

Келесі тарауда программалаудың осы әдістеріне толығрақ тоқталамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет