Жұмыстың мақсаты: mpC тіліндегі программалау жүйесімен танысу., mpC жүйесінің негізгі мүмкіндіктерін игеру, карапайым программаны енгізу, сақтау, жөндеу және орындау білу. Материалдар және жабдықтар: ДК, mpC программалау ортасы
int [*]main() {
[host]printf("Hello, world.\n");
}
mpC-дағы программа фактілер тобымен және қағидалардан құралады. Егер программада тек қана фактілер кездесетін болса, онда оларды мәліметтер қоры деп атайды. Егер фактінің құрамында қағидалар бар болса, онда білімдер қоры деген термин қолданылады.
mpC ортасын іске қосу үшін mpC.exe файлын ашып, Enter пернесін басу керек. Экранға mpC программасының жұмысшы аймағы шығады.
Ол мынадай бөліктерден тұрады:
1. Тақырып жолы.
2. Бас меню
1) File – файлды өңдеу
2) Edit- мәтінді өңдеу
3)Run – программаны орындауға жіберу
4)Compile - трансляциялау
5) Options -опциялар
6)Setup – программаны қалыпқа келтіру (настройка)
3.Message – хабарлама шығару
4. Trace - трассировка
5. Кейбір функционалдық пернелердің қызметі:
Программадан шығу үшін Alt+X пернелерін басу керек.
Бас меню қатарында бір опциядан келесі опцияға көші үшін ESC пернесін басып, ¬ және ® пернелері пайдаланылады. Программаны жазу үшін әуелі File қатарынан New File пунктін таңдаймыз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Экранда сұраснысты енгізуге арналған шақыруды, Run қатарын таңдау арқылы шығарамыз:
Goal:
2. Сұраныс шақырудан кейін шығарылады және міндетті түрде нүктемен аяқталады, төмендегі мысалды енгізіңіз, нәтижеге көңіл аударыңыз:
Goal: 5+4<3.
No
mpC сұранысқа талдау жасайды және бекітім ақиқат болған жағдайда Yes (Иә) деп жауап береді, және керісінше жағдайда немесе жауап табылмаған жағдайда No (жоқ) деп жауап береді .
mpC тіліндегі программа мәтіндік файлда сақталады, оның кеңеймесі *.mpc.
Достарыңызбен бөлісу: