Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу



бет23/28
Дата06.01.2022
өлшемі382,5 Kb.
#14761
түріПрограмма дисциплины
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
11-тақырып. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

Мазмұны: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, ол туралы көзқарастар (тура толықтауыш, айқындауыш, т.б.). Тұрлаусыз мүшелерге қатысты сөздердің тұлғалық, мағыналық ерекшеліктері, олардың түрлері мен бір-бірінен айырмашылығы, сұраулары мен мағыналарындағы өзара ұқсастық пен айырмашылығы.

Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі. Толықтауыштық тұлға: септік жалғаулары (барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес жалғаулары), септік жалғаулы сөздер мен шылау, септік жалғаулы сөздер мен етістік, септік жалғаулы сөздер мен модаль сөздер. Нөлдік тұлғадағы сөздер мен септік жалғаулы көмекші сөздер, ондай тұлғалы сөздердің басқа сөйлем мүшелерімен (пысықтауышпен) ұқсастықтары, айырмашылықтары. Толықтауыштың сұраулары, түрлері: жанама, тура толықтауыштар, айырмашылығы. Тура толықтауышты жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуы туралы көзқарастар. Толықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы: негізгі сөздердің толықтауыш қызметінде жұмсалуы, ерекешеліктері, зат есім мен есімдік, заттану арқылы: сын есім, сан есім, есімдік, есімше, қимыл есімі, үстеу. Негізгі сөздер мен көмекші сөздер арқылы: негізгі сөз – көмекші етістік, негізгі сөз – модаль сөздер, негізгі сөз – шылаулар, жеке дыбысты толықтауыштар, қысқарған сөзді толықтауыштар, бір сөздің қайталануы арқылы жасалған толықтауыштар, тұрақты тіркесті толықтауыштар, сөйлемнің толықтауыш қызметінде жұмсалуы, бар, жоқ сөздерінің толықтауыш қызметінде жұмсалуы, модаль сөз – толықтауыштар, әртүрлі сөз тапты толықтауыштар. Толықтауыш құрамы, жасалуы, олардың аясының кеңеюі мен тарылуы, басқа сөйлем мүшелеріне ауысу процесі.

Анықтауыш, көзқарастар, зерттелуі, оның сипаты, олар қатысты сөздер. Анықтауыштардың орын тәртібі (іргелес, алшақ түрі). Анықтауыштық тұлға: нөлдік тұлға және ілік жалғаулы сөз. Анықтауыштың сұраулары. Анықтауыштардың мағынасы және тұлғасына қарай түрлері: сапалық, меншікті, үйірлі анықтауыш. Анықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы: 1) негізгі сөздердің анықтауыш қызметінде жұмсалу ерекшеліктері: сын есім, сан есім, есімше, кей есімдіктер, зат есім, есімдік, еліктеуіш, қимыл есім, ілік жалғаулы негізгі сөз таптары мен көмекші сөздер. 2) негізгі сөздер мен көмекші сөздер арқылы: негізгі сөз – көмекші етістік, негізгі сөз - -ғы, -гі жұрнақты көмекші есім, шылау, негізгі сөз – модал сөз, жеке дыбысты анықтауыштар, тұрақты тіркесті анықтауыштар, ондай кезде көмекші сөздер мен қосымшпа қызметі, бір сөздің қайталануы арқылы құралған анықтауыштар, сөйлемнің анықтауыш қызметінде жұмсалуы, ондай кезде қосымшалар мен көмекші етістіктің қызметі, бар, жоқ сөзді анықтауыштар, модаль сөзді анықтауыштар, әртүрлі сөз тапты анықтауыштар. Анықтауыштың құрылымы: дара, күрделі түрлері, жасалуы, айырмашылықтары. Үйірлі анықтауыштар. Анықтауыш, түрлері, жасалуы, тыныс белгілері, ол туралы көзқарастар.

Пысықтауыш. Оның қалыптасуы, ол туралы көзқарастар. Пысықтауыштық тұлға: нөлдік, септік, негізгі сөһз – көмекші сөз, жұрнақты түрлер, пысықтауыштың сұраулары, жасалу жолдары, пысықтауыштың жасалу жолдары. 1) қабыса байланысқан пысықтауыш: а) үстеу; ә) сын есім; б) сан есім; в) көсемше; г) шартты рай; ғ) еліктеуіш сөздер, д) есімдік; е) есімше; ж) қимыл есімі; з) тұрақты тіркесті – негізгі сөз бен көмекші сөздер. 2) Меңгеріле байланысқан пысықтауыштар: а) зат есім; ә) үстеу; б) есімше; в) есім – көмекші сөздер; г) тұрақты тіркесті. Ондай кезде негізгі сөздер мен көмекші сөздердің септік жалғаулардан келуі. Пысықтауыштың түрлері, семантикасы: 1) мезгіл, мекен, мақсат, себеп, амал, мөлшер пысықтауыштар, олардың семантикасы, сұраулары, жасалуы, құрамы. Пысықтауыштың әрбір түрінің жасалуындағы негізгі сөз табы – үстеу және ретіне қарай олардың әрқайсысының жасалуындағы ерекшеліктер, олардың байланысу формаларына қарай бөлінуі. 2) сөйлем мүшелеріндегі синкретизм элементер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет