Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі: - бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
11. Емтихан сұрақтары / Экзаменационные вопросы Гимнастика сабағының құрылымы.
Кіріспе – дайындық бөлімінің міндеттері және тәсілдері
ЖДЖ жаттығуларды өткізу әдістері.
Жаттығулар туралы хабарландыру әдістері.
Негізгі бөлімінің міндеттері және тәсілдері.
Сабақты ұйымдастыру түрлері.
Қорытынды бөлімінің міндеттері және тәсілдері.
Педагогикалық – дәрігерлік бақылау әдістері.
Саптық жаттығулардың анықтамасы.
Саптық жаттығулардың негізгі терминдері.
Сап құру және қайта құру тәсілдері.
Саптағы жылжулар түрлері.
Сапты жинақтау және жазу тәсілдері
Асылу қалыптарының түрлері: жай және аралас асылу.
Таяну қалыптарының түрлері: жай және аралас таяну.