Программа Форма ф со пгу


Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/31
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146267
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінде фонетиканың зерттелу, зерделену тарихын пайымдату, тіл дыбыстарының жасалу ерекшеліктерін, тіл дыбыстарының түрлері мен қасиеттерін, дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, актив, пассив сөйлеу мүшелерін, фонема қасиетін, тіл дыбыстарынан айырмашылығы мен байланысын, дауысты, дауыссыз дыбыстардың акустикалық-артикуляциялық қасиеттерін, буын, екпін түрлерін, интонация, үндестік заңының ерекшеліктерін, орфоэпиялық, орфографиялық норма, дауысты, дауыссыз дыбыстар емлесін, тасымал заңдылықтарын игерте отырып, қазіргі қазақ тілі фонетикасының теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.


Пәнді оқыту мақсаты:
- «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінде студенттердің сауатты сөйлеуін, жазуын қалыптастыру;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге дағдыландыру;
- фонетика заңдылықтарын терең түсіне білуге үйрету;
- үндестік заңының ерекшеліктерін меңгерту;
- фонетикалық талдауға жаттықтыру.


Пәннің міндеттері:
- негізгі ғылыми және оқу әдебиеттерін білу;
- сабақтың нақты әдістемелік мақсатына сәйкес келу үшін тілдік материалдың мөлшерін білу.


Студенттер білуі тиіс:

  • Фонетика дыбыстың түр-түрін танытып қана қоймайтындығын, сол дыбыстардың қарым-қатынас құралы – тілдің қызметін түсініп, басқаруға жетелейтіндігін білуі тиіс.

  • Дыбыстар мен буындардың үндесімін білуі тиіс.



Студенттер істей білуі тиіс:

  • Студенттер фонетикалық талдауды орындай алуы тиіс.

  • Тілдік нормаларды сақтай білуі тиіс.

  • Тіл дыбыстарының жіктелісін, жасалу ерекшеліктерін игеруі тиіс.

  • Дауысты дыбыстардың тілдің қызметіне, жақтың ашылуына, еріннің қызметіне қарай топталуын меңгеруі тіиіс.

  • Дауыссыз дыбыстардың жасалу орны, жасалу жолы, дауыс қатысына қарай топталуын игеруі тиіс.

  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасының теориялық курсының алғы шарттарын білуі тиіс.



2 Пререквезиттер:
Тіл біліміне кіріспе.
Орфография жне пунктуация
Қазақ тілінің лексикологиясы.
Қазіргі қазақ тілінің морфология.
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.


Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет