Программа Форма ф со пгу


- тақырып. Дыбыстық құбылыстар



бет6/31
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146267
түріРабочая программа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
8- тақырып. Дыбыстық құбылыстар.
Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себебі. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылыстарының сыры. Дыбыстық үнем. Тілдің үнемге ұмтылатыны, оның себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.
9- тақырып. Буын, бунақ, екпін.
Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы. Дыбыс жылысуы. Дыбыс жылысуы туралы түсінік. Дыбыс жылысуының себебі. Жылысатын дыбыс. Дыбыс жылысуынан пайда болатын заңға қайшы буындар. Дыбыс жылысуының орфоэпияға қатысы. Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жаба, аша сөйлеудің туындайтын ерекшеліктер. Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпіні. Екпін және ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ мағынасын саралау қызметі.
10- тақырып. Дыбыстардың үндестігі.
Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік болып үндесуінің себебі. Қатаң мен ұяң дауыссыздардың үйлесімсіздігі. Көрші дыбыстардың тіл табысуына әсер ететін факторлар. Үндестік заңның түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі. Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу – дыбыс, буынның бірін-бірі игеруінің нәтижесі. Дыбыстық сәйкестік тіл заңынан тыс болатыны. Ықпал туралы түсінік. Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Көрші буындар мен дыбыстардың үнемі ықпалдасып, бірін-бірі игеріп тұратыны. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру. Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны. Игеру нәтижесінде акустика-артикуляциялық жақтан әр басқа дыбыстар алмасуға ұшырап барып тіл табысатыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет