Программа по специальности «5В050300 психология»


Студент құзыреттілігінің негізгі формалары



Pdf көрінісі
бет97/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   231
Студент құзыреттілігінің негізгі формалары:
Студент «Психологиялық кеңес берудің негіздері» курсын оқу 
барысында келесі білімдерді игермек: 
- психологиялық кеңес беру түрлерінің мазмұны туралы негізгі 
түсініктер; 


100 
- кеңес берудің негізгі кезеңдері, динамикасы және ұйымдастыру 
үрдісі, сондай-ақ, негізгі техникалар мен тәсілдер
- кеңес беруші психологтың этикалық және құқықтық қырлары; 
- психологиялық көмектің қазіргі заманғы түрлі бағыттарында 
қолданылатын негізгі статегиялар, техникалар мен тәсілдер. 
Студент келесі дағдыларды игеруі тиіс: 
- психологиялық кеңес берудің ерекшеліктерін ажыратып, нақты 
жағдайларға сәйкес оның міндеттерін өз бетінше тұжырымдай білу; 
- психологиялық мәселелердің кең шеңберінде бейімделіп, клиентке 
психологиялық көмек көрсету барысында сауал қалыптастыруға көмектесу. 
Келесі дағдыларды меңгеріп шығуы тиіс: 
- психологиялық байланысты орнату және қолдаудың негізгі 
дағдыларын меңгеру; 
- психологиялық қолдау көрсету дағдыларын меңгеру; 
- психологиялық кеңес берудің жекелеген бағыттарындағы бірқатар 
арнайы тәсілдер мен әдістерді қолдануды меңгеру. 
«Психологиялық кеңес беру негіздері» курсын табысты игеріп шығу 
үшін студенттер тұлға мен ұжымның психикалық іс-әрекет заңдылықтары 
мен тетіктері, психиканың онтогенезде дамуы, тұлғаның психологиялық 
теориялары 
жөнінде 
білуі 
тиіс, 
сондай-ақ, 
психодиагностикалық 
әдістемелермен жұмыс жасай білуі қажет. 
Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Даму психологиясы», «Жас 
ерекшелік психологиясы», «Әлеуметтік психологияға кіріспе» 
Аралас пәндер: «Медициналық психология» 
«Психологиялық кеңес берудің негіздері» курсы «5В050300 - 
Психология» мамандығы бойынша Типтік оқу жоспарына сәйкес жасалынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет