4. Айнымалыларды белгілеу үшін қандай таңбалар қолданылады? Программалауда айнымалыларды пайдаланғанда, оларға ат бергенде белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Себебі кез келген ереженің бұзылуы қатеге келтіреді. Сондықтан келесі ережелерді сақтау қажет:
- Айнымалылардың аттары тек әріптерден, цифрлардан және астын сызу белгісінен
тұрады. Олардың бірінші белгісі әріп немесе астын сызу белгісі болуы тиіс.
- Айнымалылардың аттарында ашық жер (пробел) болмауы тиіс.
- Алгоритмдік тілдің арнайы функцияларының аттары мен кілттік сөздерін
айнымалы аты ретінде пайдалануға болмайды. Ол функциялар туралы кейінірек мәліметтер
беріледі.
- Айнымалы аты қысқа әрі түсінікті болуы тиіс.
- Клавиатурадағы ноль 0 мен i әріпін пайдаланғанда мұқият болу керек, себебі
оларды бірмен 1 және O әріпімен шатастырып алу мүмкіндігі бар.
5. Жолдың құрамында қандай ақпарат болады? Жол дегеніміз таңбалардың тізбегі. Python тілінде жол деп тырнақшаға алынған таңбалардың тізбегін атайды. Жиі қолданылатын операциялардың бірі – таңбалардың клавиатурадағы регистрін ауыстыру. f-жолды пайдалану арқылы әртүрлі күрделі хабарламаларды құрастыруға болады. Айнымалыларда сақталынған ақпараттан хабарлама құрастырылса, сонымен бірге, күрделі хабарламаны айнымалы ретінде сақтауға болады.
6. title () әдісі не үшін қолданылады? # name.py
name="machmut"
print(name.title())
Machmut
Мұндағы title() әдісі сөздің бірінші таңбасын жоғарғы регистрге ауыстырады. Біз machmut деп жазған сөзді Machmut деген сөзге ауыстырды. Сіз print() функциясының не үшін қолданылғанын түсінген шығарсыз? Ол деректерді экранға шығару үшін қолданылған.
7. Интерпретаторды шақыру үшін қандай команда қолданылады? Интерпретаторды шақыру үшін python командасын қолданыңыз. Осыдан кейін
компьютердің экранында келесі шақыру белгісі >>> және келесі хабарлама пайда болады:
Python 3.10.0 (tags/v3.10.0:b494f59, Oct 4 2021, 19:00:18) [MSC v.1929 64 bit (AMD64)]
on win32
Type "help", "copyright", "credits" or "license()" for more information.
Ескерту. Тілдің версиясына байланысты хабарлама басқаша болуы мүмкін.
Осыдан кейін әртүрлі амалдарды орындауға болады.