8. Синтаксистік қателер болмауы үшін қандай амалдар қолдануға болады? Синтаксистік қателер туралы мәліметтерді білу өте маңызды. Қандай тәжірибелі программист болмасын, ол да қате жіберіп отырады екен. Себебі программаны құрастыру процесі адамнан өте мұқият болуды талап етеді. Кез келген таңбаның жетіспей қалуы немесе артық қойылуы, бір таңбаның орнына басқа таңба жазылып кетуі сияқты қателер жиі кездеседі. Бір ғана қате жіберілген болса, онда программа жұмыс істемейді немесе қате нәтиже береді. Сондықтан қателерді жөндеу программаны қалыптау жұмысындағы аса маңызды мәселе. Осыған көбірек көңіл бөлінуі тиіс.
Қорытынды
Зертханалық жұмыста алгоритмдеу мен программа құрастыру туралы алғашқы мәліметтер берілді. Программалауда жиі қолданылатын жолдар туралы мәліметтер мен оларға қолданылатын амалдардың мысалдары келтірілді. Программалауда айнымалы шамалардың маңыздылығы ескеріліп, оларды құрастырудың ережелері берілді. Программа жазуда жиі жіберілетін қателер туралы және олардан сақтану туралы кейбір ұсыныстар жасалынды.