Программа құрыңдар «дүйсенбі», «сейсенбі»


Матрицалар (1-20, 21-40, 41-60, 61-80, 81-100 1 есептен)



бет6/9
Дата05.06.2023
өлшемі59,98 Kb.
#98823
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Матрицалар
(1-20, 21-40, 41-60, 61-80, 81-100 1 есептен)



  1. M және N бүтін оң сандары берілген. M × N өлшемді бүтін типті матрицаның барлық I- жолдарының мәні 10I (I = 1, ..., M) тең болатын матрицаны құру керек..




  1. M және N оң бүтін сандары берілген. M × N өлшемді бүтін типті матрицаның барлық j- жолдарының мәні 5J (J = 1, ..., N) тең болатын матрицаны құру керек.

  2. M, N бүтін оң сандары мен М сандарының жиынтығы берілген. Матрицаның әр бір бағандары жиынтық сандарынан M × N өлшемді матрицаны құру керек (жиынтықта берілген реттілік бойынша).




  1. M, N бүтін оң сандары мен N сандар жиынтығы берілген. Матрицаның әр бір жолы жиынтық жиынтық сандарынан M × N өлшемді матрицаны құру керек (жиынтықта берілген реттілік бойынша).




  1. M, N бүтін оң сандары, D саны мен M сандар жиынтығы берілген. Матрицаныі бірінші бағаны бастапқы сандар жиынтығынан, ал келесі бағандардың элементтері алдыңғы бағанның сәйкес элементтері мен D санының қосындысынатең болатын матрицаны құрыңдар (нәтижесінде матрицаның әр бір жолы арифметикалық прогрессия элементінен тұрады).




  1. M, N бүтін оң сандары, Q саны мен N сандар жиынтығы берілген. Матрицаның бірінші жолы бастапқы сандар жиынтығынан, ал келесі жолдардың элементтері алдыңғы жолдың сәйкес элементтері мен Q санының көбейтіндісіне тең болатын матрицаны құрыңдар (нәтижесінде матрицаның әр бір бағаны геометриялық прогрессия элементінен тұрады).




  1. M × N өлшемді матрица мен бүтін K (1 ≤ K ≤ M) саны берілген. Осы матрицаның K-ші жолдарын баспаға шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица мен бүтін K (1 ≤ K ≤ M) саны берілген. Осы матрицаның K-ші бағандарын баспаға шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Осы матрицаның жұп жолдарындағы элементтерін баспаға шығарыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Осы матрицаның тақ бағандарындағы элементтерін баспаға шығарыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Осы матрица элементтерін келесі реттілікпен баспаға шығарыңдар: бірінші жол солдан оңға қарай, екінші жол оңнан солға қарай, ал үшінші жол солдан оңға қарай, ал төртінші жол оңнан солға қарай және т.с.с.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Осы матрица элементтерін келесі реттілікпен баспаға шығарыңдар: бірінші баған жоғарыдан төмен қарай, екінші баған төменнен жоғары қарай, ал үшінші баған жоғарыдан төмен қарай, ал төртінші бағантөменнен жоғары қарай және т.с.с.




  1. М реттілікпен А квадратты матрица берілген. A1;1 элементтен бастап оның элементтерін келесі («бұрыштап») реттілікпен баспаға шығарыңдар: бірінші жолдың барлық элементтері; соңғы бағанның бірінші элементтен басқа элементтерін; екінші жолдың қалған элементтерін және т.с.с., соңында AM;1 элементі баспаға шығарылады.




  1. М реттілікпен А квадратты матрица берілген. A1;1 элементтен бастап оның элементтерін келесі («бұрыштап») реттілікпен баспаға шығарыңдар: бірінші бағанның барлық элементтерін; соңғы жолдың бірінші элементтен басқа элементтерін; екінші бағанның қалған элементтерін; соңғы жолдың алдыңдағы жолдың қалған элементтерін және т.с.с., соңында A1; M элементі баспаға шығарылады.




  1. М (М–тақ сан) реттілікпен А квадратты матрица берілген. A1;1 элементінен бастап сағат тілінің бағытымен барлық элементтерді спираль бойымен баспаға шығарыңдар: бірінші жол,соңғы баған, соңғы баған кері тәртіппен, екінші жолдың қалған элементтері және т.с.с.; соңында матрицаның ортасындағы элемент баспаға шығарылады.




  1. М (М–тақ сан) реттілікпен А квадратты матрица берілген. A1;1 элементінен бастап сағат тіліне кері бағытта барлық элементтерді спираль бойымен баспаға шығарыңдар: бірінші жол, соңғы баған, соңғы баған кері тәртіппен, екінші жолдың қалған элементтері және т.с.с.; соңында матрицаның ортасындағы элемент баспаға шығарылады.




  1. M × N өлшемді матрица және K (1 ≤ K ≤ M) бүтін сандары берілген. Осы матрицаның К-ші жолдарындағы элементтердің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица және K (1 ≤ K ≤ M) бүтін сандары берілген. Осы матрицаның К-ші бағанындағы элементтердің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір жолынының қосындысын табыңдар.

  2. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір бағанының көбейтіндісін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір тақ нөмірлі жолдарындағы элементтердің арифметикалық ортасын табыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір жұп нөмірлі бағандарындағы элементтердің қосындысын табыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір жолдарының ең кіші элементтерін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір бағандарының ең үлкен элементтерін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрица элементтерінің қосындысы ең үлкен болатын жолдың нөмірін, сонымен бірге ең үлкен қосынды мәнін баспаға шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрица элементтерінің көбейтіндісі ең кіші болатын бағанның нөмірін, сонымен бірге ең кіші көбейтінді мәнін баспаға шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрица жолдарының ең кіші элементтерінің арасынан ең үлкенін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрица бағандарының ең үлкен элементтерінің арасынан ең кішісін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір жолының арифметикалық ортасынан кіші болатын жол элементтерінің санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір бағаның арифметикалық ортасынан үлкен болатын баған элементтерінің санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның барлық элементтерінің арифметикалық орта мәніне жақын болатын элементтің жол мен баған нөмірін табыңдар.

  2. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның оң және теріс элементтер саны бірдей болатын (нөлдік элементтер саналмайды) бірінші жолдың нөмірін табыңдар. Егер мұндай жолдар табылмаса, онда баспаға 0-ді шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның оң және теріс элементтер саны бірдей болатын (нөлдік элементтер саналмайды) бағандарының ең соңғысының нөмірін табыңдар. Егер мұндай жолдар табылмаса, онда баспаға 0-ді шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның тек жұп сандардан тұратын жолдардың ең соңғысының нөмірін табыңдар. Егер мұндай жолдар табылмаса, онда баспаға 0-ді шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның тек тақ сандардан тұратын бағандардың ең біріншісінің нөмірін табыңдар. Егер мұндай жолдар табылмаса, онда баспаға 0-ді шығарыңдар.




  1. Тек 0-ден 100-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның бірінші жолына ұқсас, яғни жолдағы элементтер мәні бір-біріне сәйкес келетін жолдар санын табыңдар.




  1. Тек 0-ден 100-ге дейінгі мәндерді қабылдайтын M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның соңғы бағанына ұқсас, яғни бағандағы элементтер мәні бір-біріне сәйкес келетін бағандар санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның барлық элементтері әр түрлі болтын жолдар санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның барлық элементтері әр түрлі болтын бағандар санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның бірдей элементтері ең көп жолдардың ішінен ең соңғысының нөмірін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның бірдей элементтері ең көп бағандардың ішінен ең біріншісінің нөмірін табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның өсу ретімен орналасқан жолдардың санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның кему ретімен орналасқан бағандардың санын табыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның кему ретімен немесе өсу ретімен реттелген жолдардың ішінен ең кіші элементті табыңдар. Егер мұндай реттелген жолдар болмаса, баспаға 0-ді шығарыңдар.

  2. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның кему ретімен немесе өсу ретімен реттелген бағандардың ішінен ең үлкен элементті табыңдар. Егер мұндай реттелген бағандар болмаса, баспаға 0-ді шығарыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Өзінің жолында ең үлкен болатын және өзінің бағанында ең кіші болатын элементті табыңдар. Егер мұндай элемент болмаса, баспаға 0-ді шығарыңдар.

  2. M×N өлшемді матрица мен K1 және К2 (1 ≤ K1 < K2 ≤ M) бүтін сандары берілген. Матрицаның K1және K2 жолдарының орындарын ауыстырыңдар.




  1. M×N өлшемді матрица мен K1 және К2 (1 ≤ K1 < K2 ≤ M) бүтін сандары берілген. Матрицаның K1және K2 бағандарының орындарын ауыстырыңдар.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір жолындағы ең үлкен және ең кіші элементтерінің орындарын алмастырып матрицаны түрлендір.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Матрицаның әр бір бағандағы ең үлкен және ең кіші элементтерінің орындарын алмастырып матрицаны түрлендір.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең кіші элемент орналасқан жолмен ең үлкен элемент орналасқан жолды алмастырып матрицаны түрлендір.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең кіші элемент орналасқан бағанмен ең үлкен элемент орналасқан бағанды алмастырып матрицаны түрлендір.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Тек оң сандардан тұратын 1-бағанмен ең соңғы бағанның орнын алмастырыңдар. Егер мұндай бағандар жоқ болса, онда матрицаны өзгеріссіз баспаға шығарыңдар.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Тек теріс сандардан тұратын N-бағанмен ең бірінші бағанның орнын алмастырыңдар. Егер мұндай бағандар жоқ болса, онда матрицаны өзгеріссіз баспаға шығарыңдар.

  2. M×N (M — жұп сан) өлшемді матрица берілген. Матрицаның жоғарғы жартысымен төменгі жартысының орындарын алмастырыңдар.




  1. M×N (M — жұп сан) өлшемді матрица берілген. Матрицаның сол жақ жартысымен оң жақ жартысының орындарын алмастырыңдар.




  1. M×N (M — жұп сан) өлшемді матрица берілген. Матрицаның жоғарғы сол жағымен төменгі оң жағының орындарымен алмастырыңдар.




  1. (M — жұп сан) өлшемді матрица берілген. Матрицаның төменгі сол жағымен жоғарғы оң жағының орындарымен алмастырыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрица симметриясының көлденең осі бойынша орналасқан элементтердің шағылысын (мұнда жолдардың 1 мен M, 2 мен M - 1 және т.с.с. ауыстырылады) көрсетіңдер.




  1. × N өлшемді матрица берілген. Матрица симметриясының тік осі бойынша орналасқан элементтердің шағылысын (мұнда жолдардың 1 мен N, 2 мен N- 1 және т.с.с. ауыстырылады) көрсетіңдер.




  1. M×N өлшемді матрица мен K (1 ≤ K ≤ M) саны берілген. Матрицаның К нөмірлі жолды өшіріңдер.




  1. M×N өлшемді матрица мен K (1 ≤ K ≤ M) саны берілген. Матрицаның К нөмірлі бағанды өшіріңдер.

  2. M×N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең кіші элемент орналасқан жолды өшіріңдер.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең үлкен элемент орналасқан бағанды өшіріңдер.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Тек оң сандардан тұратын матрицаның бірінші бағанын өшіріңдер. Егер мұндай баған болмаса, матрицаны өзгеріссіз қалдырыңдар.




  1. M×N өлшемді матрица берілген. Тек теріс сандардан тұратын матрицаның соңғы бағанын өшіріңдер. Егер мұндай баған болмаса, матрицаны өзгеріссіз қалдырыңдар.




  1. M×N өлшемді теріс және оң сандардан тұратын матрица берілген. Оның тек оң сандардан құралған бағандарының барлығын өшіріңдер. Егер мұндай баған болмаса, матрицаны өзгеріссіз қалдырыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица мен K (1 ≤ K ≤ M) бүтін саны берілген. Матрицаның К жолының алдына нөлдерден тұратын жолды қойыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица мен K (1 ≤ K ≤ M) бүтін саны берілген. Матрицаның К бағанынан кейін бірлерден тұратын бағанды қойыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең үлкен элемент орналасқан жолды қайталап көшірмесін жасаңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең кіші элемент орналасқан бағанды қайталап көшірмесін жасаңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның бірінші оң элементтерден тұратын бағанның алдына бірлік бағанды қойыңдар. Егер мұндай бағандар жоқ болса, онда матрицаны өзгеріссіз қалдырыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның ең соңғы теріс элементтерден тұратын бағанның алдына нөлдерден тұратын бағанды қойыңдар. Егер мұндай бағандар жоқ болса, онда матрицаны өзгеріссіз қалдырыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның жергілікті минимумы деп, ол қасындағы көрші элементтерден кіші болатын элементті айтады. Барлық жергілікті мәндерді нөлдермен алмастырыңдар. Есептеу барысында қосымша матрицаны қолдануға болады.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның жергілікті максимумы деп, ол қасындағы көрші элементтерден үлкен болатын элементті айтады. Барлық жергілікті максимумдарды қарама-қарсы мәндерге алмастырыңдар. Есептеу барысында қосымша матрицаны қолдануға болады.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның жолдарын өсу ретімен орналастырыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның бағандарын жолдары кему ретімен орналастырыңдар.




  1. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның кіші элементтері кемімелі тізбегін құрайтындай еттіп, онын жолдарын реттілікпен шығарыңдар.

  2. M × N өлшемді матрица берілген. Матрицаның үлкен элементтері өсу тізбегін құрайтындай етіп, онын бағандарын реттілікпен шығарыңдар.




  1. М реттілігімен А матрицасы берілген. Оның бас диагональ элементтерінің қосындысын табыңдар, яғни диагональ келесі элементтерден тұратын:

A1;1, A2;2, A3;3, ..., AM;M .



  1. М реттілігімен А матрицасы берілген. Оның кері диагональ элементтерінің арифметикалық ортасын табабыңдар, яғни диагональ келесі элементтерден тұратын:

A1;M , A2;M-1, A3;M-2, ..., AM;1.



  1. М реттілігімен А матрицасы берілген. Бас диагональға параллель орналасқан диагональ элементтерінің қосындысын табыңдар.




  1. М реттілігімен А матрицасы берілген. Кері диагональға параллель орналасқан диагональ элементтерінің қосындысын табыңдар.




  1. М реттілігімен А квадратты матрицасы берілген. Оның кері диагональға параллель орналасқан диагональ элементтерінің арифметикалық ортасын табыңдар.




  1. М реттілігімен А квадратты матрицасы берілген. Оның бас диагоналіне параллель орналасқан диагональ элементтерінің арифметикалық ортасын табыңдар.




  1. М реттілігімен А квадратты матрицасы берілген. Оның бас диагональға параллель орналасқан әр бір диагональдің ең кіші элементін табыңдар.




  1. М реттілігімен А квадратты матрицасы берілген. Оның кері диагональға параллель орналасқан әр бір диагональдің ең үлкен элементін табыңдар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Бас диагональдан төмен орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Кері диагональдан жоғары орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Кері диагональдан төмен орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Бас диагональдан жоғары орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Бір уақытта бас диагональдан жоғары және кері диагональдан жоғары орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Бір уақытта бас диагональдан жоғары орналасқан және кері диагональдың төменгі жағында орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Бір уақытта бас диагональдан (бас диагональді қоса алғанда) төмен орналасқан және кері диагональдың (кері диагональді қоса

алғанда) жоғары жағында орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.



  1. M реттілікпен орналасқан квадратты матрица берілген. Бір уақытта бас диагональдан (бас диагональді қоса алғанда) төмен орналасқан және кері диагональдан (кері диагональді қоса алғанда) төмен жағында орналасқан элементтерді нөлмен алмастырыңдар. Шартты операторды қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан А матрица берілген. Матрица элементтерін бас диагоналға сай шағылыстыру, мұнда бас диагональ элементтері өз орнында қалады, ал A1;2 элементі A2;1-мен, A1;3 элементі A3;1-мен және т.с.с. ауыстырылады. Қосымша матрицаны қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан А матрица берілген. Матрица элементтерін кері диагоналға сай шағылыстыру, мұнда кері диагональ элементтері өз орнында қалады, ал A1;1-ді AM;M-мен, A1;2 элементін AM-1;M-пен және т.с.с. ауыстырылады. Қосымша матрицаны қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан А матрица берілген. Матрицаны 180º бұрышқа бұру керек (мұнда A1;1 элементі AM;M –мен, ал A1;2 элементі AM;M-1 элементімен және т.с.с. орындарымен алмасады). Қосымша көмекші матрицаны қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан А матрица берілген. Матрицаны 90º бұрышқа оңға қарай бұру керек (мұнда A1;1 элементі AM;1 –мен, ал A M;1 элементі AM;M элементімен және т.с.с. орындарымен алмасады). Қосымша көмекші матрицаны қолдаңбандар.




  1. M реттілікпен орналасқан А матрица берілген. Матрицаны 90º бұрышқа кері қарай (яғни сағат тілінің бағытымен) бұру керек (мұнда A1;1 элементі A1;М –мен, ал A 1;М элементі AM;M элементімен және т.с.с. орындарымен алмасады). Қосымша көмекші матрицаны қолдаңбандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет