Программа құрылымы. С++-те мәліметтердің ұсынылуы. Мәліметтердің типтері



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата19.10.2023
өлшемі0,56 Mb.
#119265
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
Дәріс №3 (4)


және
 } – 
фигуралы жақшалар функция денесінің басы мен соңын білдіреді. 
Фигуралы жақшалар сонымен қатар программаның бірнеше операторларын
құрамды 
операторға 
немесе
блокқа 
біріктіру 
үшін 
де 
қолданылады 
(
Pascal 
тілінің
Begin
және
End 
операторлық жақшаларына ұқсас). 
Программалық жолдың соңындағы нүктелі үтір онда С++ тілінің операторы бар екенін 
білдіреді, бұл жерде бұл символ Pascal тіліндегідей операторлардың бөлгіші емес, 
оператордың бір бөлігі болып табылады. 
Анықтама: Түйін сөздер 
деп программалау тілінің сөйлемдерін құрастыру үшін 
қолданылатын арнайы сақталып қойған сөздерді айтады. 
С++-те мәліметтерді көрсету. Мәліметтер типтері
С++-те негізгі типтер екі топқа бөлінеді: бүтін сандық типтер және жылжымалы нүктесі 
бар типтер (қысқаша болу үшін оларды жылжымалы типтер деп атаймыз). Бұл 
арифметикалық типтер. 
С++ тілінде арифметикалық типтердің мәндер диапазондарына қойылатын қатаң 
стандарттар жоқ (тілдің стандартында тек мүмкін болатын ең кіші мәндер айтылады). 
Негізінде, бұл диапазондар нақты орындалу кезінде анықталады. Әдетте бұл сипаттамалар 
компьютердің есептеу мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігіне байланысты таңдалады. 


Тілдің программаның орындалуына тәуелділігі салдарынан тасымалдау проблемалары 
туындайды. С++ тілі машинаға тәуелді тіл болып қала береді. 
Бүтін сандық типтерге негізгі типтердің келесі атауларымен берілген типтер жатады: 
char 
short 
int 
long 
Бүтін сандық типтердің атаулары төмендегі тип модификаторларымен бірге 
қолданылуы мүмкін: 
signed 
unsigned 
Бұл модификаторлар мәліметтерді көрсету форматын өзгертеді, бірақ жады көлемінің 
бөлінетін аумағыма әсер етпейді. 
Signed типінің модификаторы айнымалының оң мәндерді де, теріс мәндерді де 
қабылдай алатынын білдіреді. Бұл ретте мәнді сақтау үшін бөлінетін жады аумағымың ең 
сол жақтағы биті таңбаны көрсету үшін қолданылады. Егер бұл бит 0 болса, айнымалы мәні 
оң болып саналады. Егер бит 1 болса, онда айнымалының мәні теріс болып саналады 
Unsigned типінің модификаторы айнымалының теріс емес мәндерді қабылдайтынын 
көрсетеді. Бұл ретте мәнді сақтау үшін бөлінетін жады аумағымың ең сол жақтағы биті 
жады аумағымың басқа биттері тәрізді мәндерді көрсету үшін өолданылады. 
Бірқатар жағдайларда тип модификаторларын негізгі типтердің аттары ретінде 
қарастыруға болады. 
Бұл жерде де көп нәрсе нақты орындалу кезінде анықталады. Borland C++ 
версияларында signed, short және int деп белгіленетін типтердің мәндері жадыда бірдей 
орын алады. 
Негізгі бүтін сандық типтердің арасында enum түйін сөзімен белгіленетін 
тізімдемелер ерекше орын алады. Тізімдемелер бүтін мәндердің реттелген жиыны болып 
табылады. Олардың өзіндік синтаксисі және арнайы қолданылу саласы болады. Оларды 
оқып білу үшін арнайы бөлім арналады. 
Мұнда көп нәрсе тағы да нақты орындалуға байланысты. Ең болмағанда, Borland C++ 
4.5 үшін бүтін сандық типтердің негізгі сипаттамалары келесідей болады: 
1.1-кесте 
Мәліметтер 
типі 
Байттар Биттер 
Min 
Max 
signed char 


- 128 
127 
unsigned char 



255 
signed short 

16 
-32768 
32767 
enum 

16 
-32768 
32767 
unsigned short 

16 

65535 
signed int 

16 
-32768 
32767 
unsigned int 

16 

65535 
signed long 

32 
-2147483648 
2147483647 
unsigned long 

32 

4294967295 


Жылжымалы типтерге келесі тип атауларымен, модификаторларының атауларымен 
және олардың үйлескен атауларымен берілген үш тип жатады: 
float 
double 
long double 
Жоғарыдағыдай, тип модификаторы негізгі типтердің атауларына кіреді. 
Жылжымалы типтер ондық нүктесі бар жазбалар түрінде, сонымен қатар «ғылыми 
нотация» түрінде жазылатын нақты сандармен жұмыс істеу үшін қолданылады. Бір нақты 
санның түрлі нотацияларда жазылуын көрсететін келесі қарапайым мысалдан 
нотациялардың арасындағы айырмашылық анық көрінеді. 
Мысалы: 
297.7 
2.977*10**2 
2.977E2 
және тағы бір мысал… 
0.002355 
2.355*10**-3 
2.355E-3 
Ғылыми нотацияда Е символының сол жағымда мантисса жазылады, оң жағымда 
экспонентаның мәні жазылады, ол әрдайым 10-ның дәреже көрсеткішіне тең болады. 
Жылжымалы типтердің мәндерін жадыда сақтау үшін нақты сандарды көрсетудің 
арнайы форматы қолданылады. Бұл формат IEEE форматы деп аталады. 
Төменде жылжымалы нүктесі бар мәліметтер типтерінің негізгі сипаттамалары 
келтірілген (Borland C++ 4.5 үшін): 
1.2-кесте 
Мәліметтер 
типі 
Байттар Биттер Min 
Max 
float 

32 
3.4E-38 
3.4E+38 
double 

64 
1.7E-308 1.7E+308 
long double 
10 
80 
3.4E-
4932 
3.4E+4932 
Негізгі әдебиет:1[55-76], 2[47-61], 3[7-61],5 [14-58] 
Қосымша әдебиет:
 
1[3-20]. 
Бақылау сұрақтары: 
1. С++ тілінде программаны орындау үшін өтуге тиісті кезеңдерді атаңыз. 
2. С++ тіліндегі қарапайым программаның құрылымын келтіріңіз. 
3. Мәліметтердің бүтін сандық типтерін атаңыз. 
4.Жылжымалы нүктесі бар мәліметтер типтерін атаңыз. 
5.Түрлі типті айнымалыларды баяндауға мысал келтіріңіз. 
6.Меншіктеу операторы қалай жұмыс істейді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет