2. С# тіліндегі ең қарапайым программа
/* Example1_1.cs файлы
"Hello world!“ программасы және ағымдағы мерзім мен уақытты экранға шығару */
class Example1_1
{ public static void Main() { // "Hello World!" сөзін экранға шығару
System.Console.WriteLine("Hello World!");
// ағымдағы мерзім мен уақытты шығару
System.Console.WriteLine("The current date
and time is " + System.DateTime.Now);
}
}
Бастапқы Example1_1.cs файлы блокнотта немесе кез келген редакторда теріледі. Файл кеңейтілуі (типі) – cs. Осы тип барлық С# программаларына беріледі.
Программаны TurboC# консолдық компиляторы (MS DOS) арқылы орындау үшін:
csc Example1_1.cs
жолын тереміз. Компилятор бұл файлды машиналық кодқа түрлендіріп, Example1_1.ехе файлын жасайды. Оның ішкі мазмұнын, яғни программа нәтижесін көру үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |